Жақсы ата-ана болуды үйренеміз айдан жасқа дейін қуан, СӘБИ!


БІР ЖАС ІШІНДЕГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЖҮЙКЕ-



Pdf көрінісі
бет16/229
Дата06.02.2022
өлшемі6,55 Mb.
#81640
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   229
Байланысты:
Публикация на каз

БІР ЖАС ІШІНДЕГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЖҮЙКЕ-
ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫ 
2


3 айдан кейін бала қолын «ашады», көрген затына 
қарай созылады, оны бір қолмен де, қос қолдап та 
қармайды, аузына қарай тартады. Ойыншықты зерт-
тейді, саусақтарымен әрлі-берлі жүргізеді, бір қолынан 
екіншісіне ауыстырып салады. 5-6 айға толғанда бөбек 
заттарды бас бармағын басқа саусақтарына қарсы қой-
ып тұрып ұстайды.
4,5-6 айлығында бала етбетінен жатып, созулы жатқан 
қолына сүйене алады (қолы ашық, кеудесі көтеріңкі, иегі 
төмен түсірілген); бір қолының білегіне сүйеніп, екінші 
қолымен затқа қарай созылады. Балалардың бір бөлігі 
5,5-6 айлығында етбетінен жатып, айнала аударыла 
алады, ал кейбірі аздаған қашықтыққа етбетінен жатып 
еңбектей да алады. Бала аяқтарын ішіне қарай жинай 
алады, оларды көтере алады, тізесін қолдарымен ұстай 
алады (4-5,5 айлығында, ал ересектер қолынан созғанда 
отыруға талпынады). Балалардың көпшілігі отырғы-
зып қойса, бірнеше секунд бойы отырған күйін сақтай 
алады.
1. 
Шалқасынан етбетіне аударылмайды;
2. 
Етбетінен жатқанда тым болмаса қысқа уақытқа созулы 
қолының білектеріне сүйене алмайды;
3. 
Етбетінен жатқанда бала ойыншықтарды басқара ал-
майды (денесінің салмағын бір қолына қарай ығыстыра 
алмайды);
4. 
Етбетінен жатқаны біртүрлі (бала басын әрең көтереді, 
әрең ұстайды, қолы кеудесінің астында немесе керісінше 
– екі жағына қарай кең жайылған, білегі мен қолы супина-
ция күйінде, яғни, алақаны жоғары қаратылған);
5. 
Көбінесе қолын жұдырығына жұмып жатады;
6. 
Қармауға ыңғайлы ойыншықты бір немесе қос қолдап 
ұстай алмайды, қолымен немесе ойыншықпен аузына 
жете алмайды;
7. 
Шалқасынан жатқанда балтыры мен 
санын көтере алмайды


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   229




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет