Жақсы ата-ана болуды үйренеміз айдан жасқа дейін қуан, СӘБИ!


-3 ай толғанда бала қозғалыстағы заттарды бақылауға, өз қол- дарына және жақын жерде орналасқан заттарға қарай алады. 6 айлығында



Pdf көрінісі
бет24/229
Дата06.02.2022
өлшемі6,55 Mb.
#81640
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   229
Байланысты:
Публикация на каз

2-3 ай толғанда бала қозғалыстағы заттарды бақылауға, өз қол-
дарына және жақын жерде орналасқан заттарға қарай алады.
6 айлығында бала заттардың ұсақ бөлшектерін және көлемі 
0,5-1 мм ұсақ заттарды ажырата алады. Көру аясы ай сайын 
10 градусқа кеңейеді, ал 6 ай толғанда екі жағынан да 50-60 
градусты құрайды.
Осы жаста бала көлденеңінен, тігінен, сағат тілімен және сағат 
тіліне қарсы бағытта баяу қозғалатын заттарды бақылай білуі 
тиіс, әрі бақылау үзік-үзік емес, бірқалыпты болуы тиіс.
6 айлығында бала өз қолдарына қарайды, қызығушылығын ту-
дырған заттарға қарай созылады, алыс емес жерде орналасқан 
заттарды қармайды, құлап бара жатқан және домалап бара 
жатқан ойыншықтарды бақылайды, дененің орта сызығын кесе, 
көз тоқтата алады. 
Бұл жастағы бала тек жақындарын ғана емес, сүйікті ойын-
шығын, бөтелкесін, басқа да айналасындағы заттарды тани 
және ажырата алады.
9 айлығында балалардың басым көпшілігі көз алдында жаялық 
немесе қағаз астына жасырылған затты табады, қозғалыстағы 
затты бақылайды, оны қармауға талпынады, жанында жатқан 
ұсақ заттарды жинайды. Бұл жаста көптеген балалар бұған 
дейін белгілі бір тәжірибе жинап, пішіні жағынан бір-біріне 
ұқсас заттардың атқаратын жұмысын түсіне бастайды (мысалы, 
қасықты көре сала – сабынан ұстап, аузына апарады, немесе 
қолына доп тисе, оны домалату немесе лақтыру қажет екенін 
түсінеді).
12 айлығында бала басын бұрады, тұрған күйде көзін жоғары 
және төмен түсіреді, әрі дене 
тепе-теңдігін сақтайды,
қозғалыстағы заттарды жақсы 
қармайды, суреттерді және
фотосуреттерді қарайды.
15


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   229




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет