Жақсы ата-ана болуды үйренеміз айдан жасқа дейін қуан, СӘБИ!


БІР ЖАС ІШІНДЕГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЖҮЙКЕ-



Pdf көрінісі
бет32/229
Дата06.02.2022
өлшемі6,55 Mb.
#81640
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   229
Байланысты:
Публикация на каз

БІР ЖАС ІШІНДЕГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЖҮЙКЕ-
ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫ 
2


ӘЛЕУМЕТТІК-ЭМОЦИОНАЛДЫҚ ДАМУ 
Баланың әлеуметтік-эмоционалдық дамуы өзара тығыз 
байланысты екі негізгі үдерісті қамтиды:
ересектермен және құрдастарымен әртүрлі байла-
ныс орнату қабілетін дамыту;
баланың ересек адамның көмегі қажет толық тәуел-
діліктен бірте-бірте дербестікке көшуі.
Жаңа туылған нәрестенің алғашқы әлеуметтік әрекет-
тері физиологиялық қажеттіліктерімен байланысты 
(тамақ, сусын, температура жайлылығы, қозғалыс, еш 
жерінің ауырмауы, жатыс-тұрысының жайлылығы).
Бастапқыда ересекпен эмоционалдық қарым-қатына-
сының арқасында баланың тілдесуге деген қажеттілігі 
туындайды, физиологиялық эмоционалдық әрекеттер 
бірте-бірте әлеуметтік маңызды әрекеттерге айналады 
(мысалы, сәби ересек адам қолына алғанда, оның жылы 
терісімен жанасудың арқасында тынышталады).
Бір айлық сәби көзін адамның бет-жүзіне бірер сәтке 
тоқтата алады, тек аяқ-қолының ғана емес, сондай-ақ, 
аузы мен көзінің қимыл-қозғалысын қысқа уақытқа 
тоқтата алады.
Екі айлық сәби қозғалыстағы адамның бет-жүзін бақы-
лай алады, әрі ересек адамның жылы даусына күлімсіреу 
түрінде алғашқы жауабы пайда болады.
Үш айлық сәбидің әртүрлі ұнамды тысқары әрекеттерге 
әркелкі жағымды эмоционалдық сезімдерінің құрамдас 
бөліктері жиі-жиі пайда бола бастайды, олардың 
барлығы «жандану кешеніне» бірігеді, яғни, баланың 
қимыл-әрекеттері үдей түседі, жиі күлімсірейді, 
әуенді дыбыстар шығарады. Бұл жаста 
баланы кез-келген адам күлімсірете 
алады. Шешуші мәнге қозғалыстағы 
адам жүзінің сұлбасы ие. 
21


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   229




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет