ЗАТТАРДЫБЕЛСЕНДІ БАСҚАРУ Бала ойыншық ұстап үйренген сәттен бастап, олармен
әрекет жасауға талпынысы пайда болады. Балаға ойын-
шықпен бұлғауды, бір қолдан екіншісіне ауыстырып са-
луды, ойыншықпен тарсылдатуды, оны лақтыруды және
т.б. үйретіңіз және ынталандырыңыз. Балада назарын
аударған затты алу, соған жету қажеттілігі пайда болады.
7-8 айлық бала қалағанын алуға тырысып, мақсатына
жетуде табандылық танытуды үйрене бастайды. Бұл
ретте ересектерге келесі ережені ұғып алған жөн: бала
өзі жасай алатын әрекеттерді оның орнына жасауға
асықпаңыз!
Мысалы, балаға сары түсті сақина ұнап қалып, ол бар
күшін салып соған қолын созып жатыр. Бәлкім, оны қолы
жететін де еді, бірақ, анасы сол бір қалаулы сақинаны
алып беруге даяр тұр. Дегенмен, біз балаларымызды
тайсалмайтын, алдына қойған мақсатына жетуде алдына
жан салмайтын тұлға ретінде көргіміз келеді. Онда сол
қасиеттерді иелену үшін оларға кедергі жасамайық. Бір
жаста баланың қолы икемдірек бола түседі, ол қандай
да болмасын затты дұрыс қармауға бейімделеді. Допты
ол саусақтарын жайып тастап алады, жіпті бас бар-
мақпен, ортаңғы және сұқ саусақпен ұстайды; текшені
ұстау үшін оның саусақтары текше қырларын қармайды.