Жақсы ата-ана болуды үйренеміз айдан жасқа дейін қуан, СӘБИ!



Pdf көрінісі
бет43/229
Дата06.02.2022
өлшемі6,55 Mb.
#81640
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   229
Байланысты:
Публикация на каз

ОЙЫН КӨПТІК
ЕТПЕЙДІ
4
ОЙЫН 
КӨПТІК 
ЕТПЕЙДІ
4
29
29


ОЙЫН КӨПТІК
ЕТПЕЙДІ
4
30
Балалар ойнағанды жаны сүйеді. Балаңызбен ойнаған-
да сіз оған әлемді тануға көмектесесіз. Ол үшін сансыз 
қымбат ойыншық қажет емес. Балаңызға айнала-
сындағын зерттеуге мүмкіндік тудыруға және сізбен 
қосылып күнделікті жұмыстарды тындыруға рұқсат етуге 
болады. Балаңыз үшін ойнау – қолмен ұстау және лақты-
ру, тарсылдатып ұру және дәмін тіске басып көру, тыңдау 
және қарау.
Бала ойнауды неғұрлым ертерек бастаса, соғұрлым 
тезірек жетіледі. Тіпті туылғанына бірнеше апта болған 
бала зерігіп кетсе, қыңқылдай бастайды – оған бос 
қабырғаға тесіліп қарағаннан да түрлі-түсті 
бауларды, әуе шарларына, қозғалып тұрған 
заттарға қарап жату қызықтырақ болар 
еді. Жүре бастаған балақайға құм-
салғышта ойнаған немесе сәнді киімдер 
киген, құрастырғышпен немесе
қуыршақпен ойнаған қызықты 
болған сайын, сіз де оның аяқ 
астына оратылып жүргеніне 
сирек ашуланатын боласыз.
Б
ір сәтке ойланып көріңізші, дүниеге келгеннен кейінгі 
алғашқы үш жаста балаларыңыздың үйренетіні қандай 
көп!
Тек қана өз бетінше жүру, сөйлеу және тамақтану емес, 
сонымен қатар, дөңгелек пен төртбұрышты, ауыр мен 
жеңілді, жұмсақ пен қаттыны, құрғақ пен дымқылды, 
суық пен ыстықты ажырата білу, ненің ауыртатынын, 
ненің дәмі жағымды екенін, ненің қозғалып, ненің 
қозғалмайтынын, заттарды 
қалай қолдану керек екенін 
білу.
Бұл тек бастамасы ғана. Ба-
лалар не істеуге болатынын, 
басқа адамдар не сезетінін, 
заттарды қалай пайдалануды, 
мұқият тыңдауды, басқалар-
мен қалай ойнауды білуі 
қажет. Бұл тізімді жалғасты-
ра берсе, соңы көрінбейді. 
Бақытымызға орай, балалар 
білімқұмар болып туылады, 
олар үйренгісі келіп тұрады, 
ал оларға үйренуге көмектесу 
сондай қызықты!




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   229




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет