СУМЕН ОЙНАУ
Баланы су ортасымен таныстырыңыз:
су сепкішке су құйыңыз. Баланың қолына су құйып
тұрып: «Су құйылып жатыр» деңіз;
шылапшынға су құйыңыз, балаңыз сіздің қалай су
құйып жатқаныңызды қарап тұрсын, әрі су сеп-
кіштен су құйып, көмектесіп тұрсын.
Баланың назарын судың қандай жеңіл, суда болған қан-
дай жақсы екеніне аударыңыз.
Шылапшынның жанына ойыншықтар қойыңыз: қайық,
доп, ойыншық үйрек. Баладан ойыншық үйректі алып,
суға салуын өтініңіз. Балаға судағы ойыншық үйрекпен
ойнауға мүмкіндік беріңіз (балаға үйрек қалай жүзетінін,
сүңгитінін көрсетіңіз).
Суға қуыршақты салыңыз. Балақаймен бірге оны жуын-
дырыңыз. Баланы да суға отырғызыңыз, қолына кішкен-
тай су сепкіш ұстатыңыз. Су сепкіштен қуыршаққа Бірге
су құйыңыздар.
Баланың қолына қайық ұстатып «Қайық жүзіп бара
жатыр» деңіз, бала қайықпен суда өзі ойнасын.
К
үн сайын балақай есейіп келеді… Кейде осы шапшаң
есею сізді тығырыққа тірейді, себебі, осындай ақылды
балақайға айналысатын пайдалы іс тауып беру күн-
нен-күнге қиындай түседі. Сондықтан, назарыңызға
ойын жаттығуларын ұсынамыз. Аталмыш жаттығулардың
арқасында сіз ұнамды істі пайдалы іспен ұштастырып,
баланы өте маңызды дағдыларға баули аласыз.
Кішентай баланың негізгі және табиғи қарекеті ойын
екені бұрыннан белгілі. Егер ата-анасы бөбегінің
бойынан дені сау, жайдары, әрі ақылды, ойлай білетін,
ойлана алатын, дұрыс сөйлеп, дұрыс жүріп-тұра алатын,
құрдастарымен өзара түсінісе алатын баланы көргісі
келетін болса, оның дамуын ойыннан бастауы қажет.
Балақайлармен көшеде және үйде ойын әрекеттерін
және тапсырмаларын
жасау бойынша ықти-
мал кеңес-жоспарын
ұсынамыз. Осы кеңес-
жоспар негізінде сіз өз
ойындарыңызды ойлап
таба аласыз.
34
Достарыңызбен бөлісу: