Енді бөбегіңіз заттармен белсенді әрекет жасауды
үйренгеннен кейін, оған әрекет алаңын дайындау қа-
жет. Үлкен қораптар дайындаңыз, бала олардың ішінен
ойыншықтарды, шүберектерді, қағазды және басқа да
қауіпсіз заттарды шығаруды, ал кейін қайтадан салуды
үйренеді. Қақпағы бар қазандар, әртүрлі қораптар және
т.б. жарайды. Әлденені алу үшін есігін ашып-жабуға
болатын бұйымдар болуы тиіс. Текшелер, пирамидалар,
жібінен тартуға болатын ойыншықтар, қуыршақтар, жұм-
сақ ойыншықтар қажет болады.
Ойын барысында бала тіл түсінуді, сөздерді өз бетін-
ше айтуды үйренеді. Тіл дамытудағы ойыншықтардың
маңызы зор.
Бала өседі, әлемді тани түседі. Бұл керемет. Ол дені сау,
жан-жақты дамыған, мейірімді болып өсуі үшін оны
үйрету, тәрбиелеу, ойнату қажет. Міне, осы тұста ойын-
шықтар біздің таптырмас көмекшімізге айналады.
|