БАЛАҒА ҚАНША ОЙЫНШЫҚ ҚАЖЕТ? Әлбетте, ойыншық мейлінше көп және әртүрлі болуы
тиіс. Бірақ балаға бір бергенде бірден тым көп ойыншық
беруге болмайды. Ол қиын жағдайда қалуы мүмкін: нені
алса екен? Немесе жалықтыруы, мүлдем ойынға зауқы
соқпай қалуы мүмкін. Ойыншықтардың біраз бөлігін
алып тастаңыз, оларды ара-тұра ауыстырып отырыңыз.
Бір жыл ішінде бала айтарлықтай көп әрекеттерді және
қимыл-қозғалыстарды меңгереді, айналадағы кеңістікте
бағдар табуға үйренеді, заттардың қасиеттерімен таны-
сады, сөздерді айтуға талпынады, яғни, өзінің физикалық
және психикалық қабілеттерін дамытады.