26
БІР ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА
АРНАЛҒАН ОЙЫНШЫҚТАР
3
Қозғалып тұрған зат қимылын бақылауды дамыту үшін
көз тартатын бір түсті сылдырмақты пайдалануға бола-
ды. Екі айдан кейін балаңыз сіз тіпті ойыншық бағытын
өзгертсеңіз де, оны бақылап жататын болады.
Біраз уақыт өткен соң, бала шамамен 4 айлығында
ойыншықты көзбен іздеп табуды, дыбыс шыққан жаққа
қарай бұрылуды үйренеді.
Есту зейінін дамыту үшін әртүрлі қоңырауларды, сыл-
дырмақтарды, балаларға арналған дабылдарды пай-
даланыңыз, Бірақ, есте сақтаңыз, қатты дауыстан бала
жылауы, қорқуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: