Сабақ жоспары Сабақтың тақырыбы: Менің сүйікті тағамым. Сабақтың мақсаты



Дата25.06.2017
өлшемі156 Kb.
#19913
түріСабақ
Мерзімі «_____» ___________

Сыныбы ___________

Пәні ___________________
Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Менің сүйікті тағамым.

Сабақтың мақсаты:

1. Қазақ тілінде сауатты сөйлеу мақсатында екпін қойып оқуды меңгерту. Қазақтың дастарханы туралы мәтінмен жұмыс жасай отырып, білімдерін кеңейту. Сөйлесім әрекеттері арқылы оқушылардың сөйлеу қабілетін жетілдіру. Ол әрекеттерді жүйелі түрде қолдану. Практикалық жұмыстарға мейлінше көп көңіл бөліп, тілдесім әрекетіне жетелеу.

Оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Берілген материалдарды өмірдегі жағдайлармен салыстыра, байланыстыра отырып, тілдесім әрекетін жандандыру. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін күшейте түсу. Грамматикалық тақырыптарға көп көңіл бөлу.



Тәрбиелігі: Оқушылардың сөйлеу мәнерін қалыптастыру. Олардың бойларында адамгершілікке, сыпайылыққа, асқа деген құрметтерін тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ –жауап, түсіндірмелі талдау, әңгімелеу.

Пәнаралық байланыс: Орыс тілі

Сабақтың көрнекілігі: Карточкалар.

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі. I.Сәлеметсіздер ме, оқушылар! Отырыңдар. Бүгін кім кезекші? Сабақта кім жоқ? Үйге қандай тапсырма берілді? II.Үй тапсырмасын тексеру. Сабақтың мақсаты мен барысымен таныстыру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Жаңа сабақ тақырыбымен таныстыру, мақсатын қою.

Жаңа сөздермен таныстыру.

Сөздікпен жұмыс

бәліш – биляш жиі - часто

үнемі - постоянно
1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқы.

Менің сүйікті тағамым – бауырсақ, бәліш. Айта берсем өте көп. Бірақ, бұл тағамдарды өте жақсы көремін.



Менің анам үнемі жұмыста. Маған тамақты әжем әзірлейді. Ол бауырсақты, бәлішті жиі дайындайды.
2-тапсырма. Сурет бойынша бірнеше сөйлем құра.


3-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қой.

1. Бізді... үй...е қона... келді. 2. Ана... дастар... ан жая бастад... . 3. ...стел үстін... ба...ырсақ, ма..., қайма... қойылд... . 4. Там...қ өте д...мді бол...ы. 5. А...а бат... жасад... . 6. Ау...лда к...п демалды... . 7. Ма...ан ауы... ұн...йды.


4-тапсырма. Сөйлемдерді дұрыс құра.

1. Біз, бардық, мейрамханаға, жаңа, бардық.

2. Қонақ үй, көшесінде, орналасқан, Бұқар жырау.

3. Әкең, сені, сенің, күтіп отыр, асханада.

4. Бұл, дәмді, тағамды, асханада, өте, әзірлейді.

5. Атам, жақсы көреді, палауды, менің,


5-тапсырма. Берілген сөздерге көптік жалғауды жалғап, бірнеше сөз тіркестерін құра.

Пияз, картоп, сәбіз, балық, алма, шие, тамақ, лимон, қияр, қызанақ.

IV. Қорытынды

1. Сонымен бүгінгі сабақта қандай тақырыппен таныстық?

2. . Қандай жаңа сөздермен таныстық?

3 Сабақ ұнады ма? Ұнамаса немен ұнамады?


V. Бағалау

Оқушыларды білім деңгейлеріне байланысты бағалау.


VI. Үй тапсырмасы. Жаңа сөздер жаттау. Мәтінді мазмұндау.
Пән мұғалімі: Омарова Ж.А. ____________
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет