9 (жаратылыстану-математикалық бағыт) оқулық. Н. Нұрахметов, К.Жексембина, Н. Заграничная
Жалпы мақсаттар:
Техника қауіпсіздігі боіынша алғашқы нұсқаулар мен химияның негізгі түсініктері мен заңдарын қайталау
талдау, жүйелеу дағдыларын қалыптастыра отырып дамыту, есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту.
Оқулықпен жұмыс істеу кезінде тақырыптағы басты мәселені анықтап, өз бетімен білім алуға үйрену
Күтілетін нәтижесі
Химиялық негігі түсініктер мен заңдар туралы білім қалыптасады. Оқушылар диалог әдісі арқылы сыни тұрғыдан ойлана алады. Критерий арқылы оқушылар бір-бірін бағалайды.
Түйінді идеялар
Химияның негізгі түсініктері мен заңдары. Диалог әдісі арқылы оқушылар сыни тұрғыдан ойлану. Тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар бір-бірін критерий арқылы бағалау.
Топтағы оқушылар бағалау парақшаларына критерий арқылы бағалайды
Кері байланыс
Бүгінгі сабақта не үйрендім? Оқушы рефлексиясы
Үйге тапсырма
§15-10 есептер
№2 Сабақ
Химия
Сабақ тақырыбы:
Атом құрылыс теориясы тұрғысынан Д.И.Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесі және периодтық заңы.
Сілтеме:
9 (жаратылыстану- математикалық бағыт) оқулық. Н. Нұрахметов, К.Жексембина, Н. Заграничная
Жалпы мақсаттар:
1. Д.И.Менделеев жасаған периодтық жүйесі мен заңы. Химиялық элементтерді жіктеудің нәтижесінде периодтық заңның ашылуы.
2. Оқушыларға металдар мен бейметаллдар ұғымын қалыптастыру. Екідайлы қасиет көрсететін элементтердің топтары туралы түсіндіру.
3 Элементтердің адам өміріндегі маңызын, қолданылу аясын түсіндіре отырып, химия пәніне қызығушылығын арттыру.
Күтілетін нәтиже
Менделеев жасаған периодтық жүйесі мен заңы, химиялық элементтерді жіктеудің нәтижесінде периодтық заңның ашылуы туралы білім қалыптасады. Оқушылар диалог әдісі арқылы сыни тұрғыдан ойлана алады. Критерий арқылы оқушылар бір-бірін бағалайды.
Түйінді идеялар
Периодтық жүйедегі орнына байланысты химиялық элемент және оның қосылыстары жайлы болжам айта білуді қалыптастыру, элемент қасиеттерінің өзгеруіндегі заңдылықтар туралы білімді бекіту. Периодтық жүйедегі барлық элементтер арасында қандай өзара байланыстылық болатындығын көрсету.
ә) топ бойынша; (металды бейметалмен салыстыруға болмайды).
Тапсырмалар
Түсініктер мен заңдылықты атом құрылысы теориясы тұрғысынан түсіндіру
Мысалдар.
1 Элементтің реттік нөмірі және ядро заряды атомдағы электрон санына сәйкес келеді.
2. Период нөмірі берілген элемент атомының энергиялық деңгейінің санына сәйкес, яғни атомдағы энергия қабатының мөлшері сан жағынан элемент орналасқан периодтың нөміріне тең.
3. Элементтердің химиялық қасиетінің периодты өзгеруі электрондардың энергиялық деңгейде периодты орнала- суына байланысты. Элемент атомының ядро зарядының өсуіне байланысты бірдей валентті электрон бар эле- менттер периодты түрде қайталанады.
4.Элементтердің жоғары оксидтерінде валенттіктерінің өсуі сутекті қосылыстарында кемуі (периодта солдан оңға қарай) ішкі энергиялық қабатта электрон санының өсуімен түсіндіріледі.
5. Периодта солдан оңға қарай ядро заряды біртіндеп өседі, ядро мен валенттілік электрондардың ара қашықтығы кемиді. Осыған орай электрондарды беріп жіберу қиындап, металдық қасиет әлсіреп бейметалдық қасиет күшейеді.
6. Элементтің жоғары оксидтегі валенттілігі сыртқы электрон қабатындағы электрон санына, топ нөміріне сәйкес болады. Ал сутекті қосылысында валенттілігі сыртқы электрон қабатын аяқтауа жетіспейтін электрон санымен анықталады.
7. Негізгі топтың элементтерінде атомдық массаның өсуіне қарай (жоғарыдан төмен қарай) валенттілік электрон мен ядроның ара қашықтығы ұлғаяды, сондықтан элементтің электрон беру қабілеті мен металдық қасиеті артады. Негізгі топ элементтерінің сыртқы электрон қабатындағы электрон саны топтың нөміріне сәйкес келеді.
Натрий элементінің реттік нөмірі –11. Атомның ядро заряды –11, оның айналасында теріс зарядты 11 элетрон орналасады.
Кальций элементі ІҮ-ші периодта орналасқан. Оның атомында электрондар 4-ші энергиялық деңгейде орналасқан.
Азоттан фосфорға, одан мышьякқа қарай қасиеттердің периодты қайталануы, осы элементтердің сыртқы энергиялық деңгейінде 5- электроннан орналасуымен, яни сыртқы энергиялық деңгейде электрон санының қайта- лануымен түсіндіріледі.
Кремний элементінен (ішкі қабатта 4- электрон) фосфор элементіне қарай (ішкі қабатта 5-электрон) жоғары оксидтерінде валенттілік 4–тен 5–ке дейін, сутекті қосылыстарында 4-тен 3-ке дейін кемиді.
ІІІ периодта натрийден (Na →СІ) хлорға қарай металдық қасиет азайып бейметалдық қасиет басым болады. Мұндай заңдылық барлық периодта сақталады.
Хлор элементі VII–топта, сыртқы электрон қабатында 7-электрон орналасқан. Осыған орай хлордың жоғары оксидінде валенттілік VII, ал сутекті қосылысында–1.
4–ші топтың негізгі топшасындағы көміртегі элементті бейметалл, ал ең төменгі қорғасын - металл.
Кейінгі тапсырмалар
Оқулықтағы жаттығу жұмыстарын орындау.
Бағалау
Формативті бағалау: екі жұлдыз, бір ұсыныс.
Топтағы оқушылар бағалау парақшаларына критерий арқылы бағалайды
Кері байланыс
Бүгінгі сабақта не үйрендім? Оқушы рефлексиясы стикерге жазу.