Сабақтың тақырыбы Химиялық таңба. Элемент. Валенттілік,формула



Дата07.02.2022
өлшемі19,66 Kb.
#87555
түріСабақ
Байланысты:
валентт
11, 11

Химиялық таңба.Элемент. Валенттілік,формула.



Шахта орта мектебі




Күні: 16.09-21.09
Сынып: 10ә

Мұғалім: Мулкибаева Г




Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:




Сабақтың
тақырыбы

Химиялық таңба.Элемент. Валенттілік,формула.






Оқу мақсаты: Химиялық формула.Валенттілік.Зат құрамының тұрақтылық заңын мысалдар арқылы түсіндіру, кім зерттеп ашқанын баяндау мағынасы мен мәні жайлы оқушыларға терең білім беру




Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану, физика




Сабақ барысы




Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Сабақтың басы
Ұйымдастыру


Сабақтың ортасы

Сабақтың соңы



Жаңа сабақ түсіндіру: Күннің жадын, жаңа тақырыпты даптерімізге жазамыз.Бүгін бізде жаңа тақырып «Химиялық формула.Валенттілік.Зат құрамының тұрақтылық заңы». Заттардың құрамына кіретін кейбір элементтермен танысып,олардың таңбасын жазып үйрене бастадыңдар.
Заттардың құрамын таңбалар арқылы өрнектеп,оның химиялық формуласын жазуға болады.
Жай заттың химиялық формуласын жазу үшін оны құрайтын элементтің таңбасын жазу жеткілікті.Мәселен,жай зат күкірттің формуласы S,қорғасындікі Pb деп жазылады.Жай заттардың құрамына екі не одан да көп атом кіруі мүмкін.Ондай жағдайда элемент таңбасының оң жағынан төменіректе атомдардың санын көрсететін индекесті қоса жазады.Мәселен, сутек пен оттектің молекулалары 2атомнан құралады,х имиялық формулалары H2 және O2 деп жазылып, аш-екі, о-екі деп оқылады.Құрамына 3 атом оттек кіретін жай зат озонның формуласы O3 о-үш, 4 атомнан тұратын жай зат фосфордікі P4 пэ-төрт болады.
Күрделі заттардың химиялық формулаларын жазу үшін,ең алдымен,оның құрамына кіретін элементтерді және олардың атомдарының санын білу қажет.Мысалы,су молекуласының құрамына сутектің екі атомы,оттектің бір атомы кіреді,сондықтан оның химиялық формуласы H2O деп жазылып, аш-екі-о деп оқылады. Көмірқышқыл газының молекуласын түзеу үшін көміртектің бір атомы мен оттектің 2атомы бірігеді, формуласы CO2 болып жазылып, це-о-екі деп оқылады. Ас тұзының химиялық формуласы NaCl,оқылуы натрий-хлор, оның құрамына натрийдің бір атомы, хлордың бір атомы кіретіні көрініп тұр. Егер заттың формуласының алдына сан қойылса, ол молекулалардың санын көрсететінін коэффициент болып саналады. Формуланың алдына 1 коэффициенті жазылмайды.
Екі элемент бірігіп көбіне биэлементті қосылыстар түзеді.Олардың формулаларын дұрыс жазу үшін құрамына кіретін элементтердің валенттік мәндерін білу жеткілікті. Мысалы, марганец оксидінің формуласын құруды мынадай ретпен іске асырайық, алдымен қосылыстың құрамына кіретін екі элементтің таңбасын жазып, үстіне рим сандарымен валенттігін көрсетеді. Mn7 O26 әрі қарай валенттік мәндеріне сай ең кіші ортақ еселікті табады 2*7= 14 содан соң ортақ еселіктің мәнін әр элементтің валенттілігіне бөлініп,олардың атомдарының арақатынасын шығарады 2/7.Осы сандарды индекс ретінде өз орындарына қойып,іздеп отырған формуланы құрады Mn2O7 .
Химиялық қосылыстың формуласын құру.


Реті

Орындалу реті

Формула құру

1

Элементтердің таңбаларын жазу.

P O

2

Элементтердің валенттігін көрсету

5 2

3

Валенттік мәндерінің ең кіші ортақ еселігін табу

5*2=10

4

Қосылыстағы элементтер атомдарының қатынастарын табу

10/5=2 10/2=5

5

Элементтердің индекстерін жазу

P2 O5

6

Қосылыстың формуласын жазу

P2O5

Атомдар бір-бірімен белгілі қатынаста қосылады. Әр атомның валенттігі оның екінші атомының қаншасын қосып алатындығын көрсетеді. Егер А және В атомдары І валентті болса, олардың биэлементтік қосылыстарындағы арақатынасы 1:1. Оған АВ типті мынандай заттар мысал бола алады HCl, KBr, NaCl. Ал А элементі І валентті болса, онда олардың өзара қосылыстарынан АВ2 типті молекула түзіледі, мысалы: H2O, H2S, MgCl2. Сондай-ақ ІІІ валентті А элементі мен І валентті В элементтерінің түзетін қосылысы АВ3 типтес болып шығады, мысалы: Al2O3, B2O3, Al2S3. Осылайша биэлементті қосылыстардағы атомдардың әрқайсысының валенттігін біле отырып түзілетін қосылыстардың формулаларын өрнекетей беруге болар еді. Заттың формуласындағы атомдардың өзара қатынастарын ескере отырып,олардың массалық мөлшерін де есептеп шығаруға болады. Мысалы, 7 г темір мен 4г күкірттің өзара дәлме-дәл әрекеттесіп, темір сульфидін FeS түзілуін қарастырайық. 4г күкірт пен 7 г темірді әрекеттестіруіміздің себебін анықтайық, яғни олар түгелдей әрекеттесуі үшін m(Fe): m(S) = 7:4 қатынасын неге алдық?


Заттың формуласы FeS темірдің бір атомына күкірттің бір атомы сай келетінін көрсетеді. Осыған орай темір мен күкірттің атомдық массаларын ескере отырып, былайша жаза аламыз:
m(Fe) : m(S) = 56 м.а.б. : 32 м.а.б. = 56г : 32г = 7г : 4г
немесе Аr(Fe) : Аr(S) = 56 : 32 = 7 : 4.
Демек, 7г темірдегі атомдар саны мен 4г күкірттегі атомдар саны өзара тең, сондықтан олардың массалық қатынастары 7:4 болған кезде ғана қалдықсыз түгелдей әрекеттеседі. Ал темірдің массалық мөлшері 7г-нан асып кетсе, оның атомдар саны күкірттің атомдар санынан артып кетеді де, біразы әрекеттеспей артылып қалады. Ондай жағдайда химиялық реакцияның соңында FeS-пен бірге Fe қоса жүреді. Мұндай қоспадағы бос темірді магнитпен тартып бөліп шығарып, таза темір сульфидін (FeS) қалдыруңа болады.Бастапқы заттардың салыстырмалы мөлшері қандай болғанына қарамастан қосылатын атомдар саны өзгермейді. Ендеше химиялық реакцияның нәтижесінде алынған жаңа заттың құрамы да әрдайым бірдей болып келеді. ХІХ ғасырдың басында фанцуз ғалымы Ж. Пруст ашқан құрам тұрақтылық заңының тұжырымдамасы да осыны көрсетеді.Дәперлерімізге мына анықтаманы жазып алайық:
«Әрбір күрделі заттың алынуы тәсіліне қарамастан құрамы тұрақты болады» Алыну тәсілдеріне қарамастан әрбір химиялық молекулалық қосылыстың сапалық және сандық құрамы тұрақты болады.
Су молекуласын мынадай тәсілдермен алуға болады:
2H2 + O2 = 2H2O
NaOH + HCl = NaCl + H2O
Cu(OH)2 = CuO + H2O
CH4 + 2O2 = CO2 + 2H2O
Бірақ қандай жолмен алса да, су молекуласы сапалық құрамы жағынан сутек пен оттектен, сандық құрамы жағынан екі атом сутектен және бір атом оттектен тұрады. Қандай жолмен алынса да су молекуласының құрамында 11,2% сутек, 88,8% оттек болады.
Құрам тұрақтылық заңның жаңашыл тұжырымы:Кездесетін жері мен алыну тәсіліне қарамастан әрбір молекулалы құрылысты таза заттың сандық және сапалық құрамы тұрақты болады.
Құрам тұрақтылық заңы берілген қосылыстың немесе жеке молекуланың макроскопиялық сандық құрамын анықтау үшін қолданылады. Бұл заңды қосылыстың молекулалық формуласын, сандық


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет