Ұйымдастыру
- Балалар қай мезгіл?
Күлімдеген көктем айында, табиғатымыз Жер - Ана бусанып, бәрімізге жылылық сыйлайды. Олай болса, біз де бір - біріміздің алақанымыздың жылулығын сезіне отырып, жақсы тілек тілейік!
Армысың жаңа күн!
Армысың көк аспан!
Армысыз, қонақтар!
Армысың жан досым!
Жылуға жылу қос, Міне, менің қолым!
Біз бәріміз біргеміз!
Бүгінгі сабаққа сәттілік тілеу.
Үйге үйреніп келуге қандай тапсырма берілді?
«Масатыдай құлпырар жердің жүзі» тарауын слайд материалдары арқылы, сұрақ жауап арқылы қорытындылау.
«Смайликпен» бағалау. Бұл бөлімде көбіне қай тақырып туралы мәтіндермен таныстық?
«Табиғатпен тілдесейік». Әдісі: сұрақ - жауап
- Біздің айналымызды не қоршап жатыр?
- Табиғат дегеніміз не?
- Табиғаттың тамаша көрінісін көзімізді жұмып, жан дүниемізбен сезініп алып, енді қағаз бетіне түсіріңіздер
(Электрондық оқулық « Табиғат тамашалары»
тақырыбындағы бейнебаяны жіберіледі)
в) « Табиғат - менің өз үйім» тақырыбындағы тарауға байланысты пікірлерін тыңдау.
- Мен туған жерді сүйемін, өйткені......
- Мен туған жерді қорғаймын, өйткені....
- Мен туған жерімді мақтан етемін, өйткені...
- Мен табиғатты қорғаймын, өйткені....
Топқа бөліну:
Мұғалім үстелінен жер, жылу, су, ауа сөздері жазылған қиындыларды алып, сол бойынша топқа бөлінеді.
Әр топтан сол сөздер туралы не білетіндерін бір сөйлеммен айтқызу.
Сурет бойынша жұмыс.
Суретте не бейнеленген?
Табиғаттың тамаша көрінісі сенде қандай көңіл күй туғызады?
Таза ауа, мөлдір судың адамға қандай пайдасы бар?
Видео көру /Бір оқушы жұмбақ жасырады.
Оқушылар жұмбақтың шешуін табады. /
Туған жердің белбеуі, Шұбатылып қалыпты. Керемет-ау кернеуі, Тасты тесіп жарыпты.( Өзен)
-Бұл жұмбақтың шешуі не?
-Ендеше, біз бүгін «Өзен» өлеңімен танысамыз.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!
Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар!
Кімнің өлеңі? Қалай аталады?
Диалогтық оқыту
Жұптық жұмыс.
Ыбырай Алтынсарин туралы не білетіндерін диалог арқылы түсіндіру.
Суреттер топтамасын пайдаланып диалогтық әңгіме жүргізу.
Слайдтан Ы.Алтынсарин туралы мәліметтер көрсету.
|