Сабақтыңортасы
|
(Ұ) Постер бойынша жұмыс:
1.Мәтінді еске түсіру.
Оқушыларға өткен сабақта оқыған мәтінді қайталап оқу.
Кафеде
Осы демалыста біз достарымызбен кафеге бардық. Кафеде көп адамдар болды. Олар тамақ ішіп отырды. Даяшы бізбен амандасып қарсы алды. Ол бізге бос үстелдерді көрсетті. Балалар үстел жағасына жайғасып отырды. Даяшы бізге ас мәзірін ұсынды. Ас мәзірінде кафеде дайындалатын түрлі тағамдардың аттары жазылып тұр екен.
Ұлдар ас мәзірінен өздеріне «Тұшпара» тағамын таңдады. Қыздар болса «Сірне» тағамын таңдады. Сусындардан алма шырынын, ал тәтті тағамдардың ішінен балмұздақты таңдадық. Даяшы бізден тапсырысты қабылдап алды. Біраз уақыттан кейін біздің тапсырысымыз дайын болды. Даяшы біздің алдымызға тағамдарды әкелді. Тағамдар өте дәмді дайындалған.
Бізге тағамдар өте ұнады. Біз аспазшыға алғыс айтып, қоштастық.
2.Постердегі сөздерді орнына орналастыру.
Кафеде
Тұтынушы: Сәлеметсіз бе?
Даяшы: Сәлеметсіз бе, қош келдіңіз!
Тұтынушы:Сіздерде бос орын бар ма?
Даяшы: Бар, мына үстел бос. Мен даяшымын, атым- Абылай.
Тұтынушы:Маған ас мәзірін беріңізші.
Даяшы: Өтінемін. Қандай тапсырыс жасайсыз?
Тұтынушы:Маған «Көктемгі салат» және палау.
Даяшы: Сусындардан ше?
Тұтынушы:сүт қосылған шай. Десертке - кекс .
Даяшы:Ракмет! Сіздің тапсырысыңыз 10 минутта дайын болады.
Тұтынушы:Ракмет, тағамдарыңыз дәмді болды. Сау болыңыз.
Тапсырма:
Үйде дайындалған диалог бойынша сабақта рөлдік ойын ойналатынын хабарлау. Оқушыларға қалай тапсырыс беріп, қалай қабылдау керектігін естеріне түсіру.
(Т)Оқушыларды топқа біріктіру. Әр топқа постер ұсыну. Оқушылар постерге қарап, кафеде отырған тұтынушылардың айтқан сөздерін болжап көреді. Әр топтың жауабын тыңдап болған соң, түпкі нұсқасын оқыту.
Әр оқушыға ас мәзірін ұсыну. Оқуға мүмкіндік беру.
(Ұ) «Кафеде» рөлдік ойынды ойнату
Сынып ішінде кафе секілді бұрыш жасау. Орындық пен үстел қойып, үстіне дастарқан жаю. Тапсырыс қабылдайтын парақтар, ас мәзірі, тағамдар мен ақша, чек, дайындау(муляж).
Оқушыларға кафе ойынын ойнауды ұсыну. Мұғалім оқушылар арасында көбірек жүріп, даяшы мен қонақ арасындағы қарым- қатынас үлгісін көрсетеді. Ол оқушыларға сыпайылық, көпшілік орындарда әдептілік сақтауды үйретеді.
Тапсырмаларға сәйкес өлеңдер оқып беріп, оны қайталауға ықпал жасау:
Сорпа, көже, кеспені іш,
Сорпылдатпай, еппен іш.
Алып жаймен алдыңа,
Үгітпей же нанды да.
Асты шашпай-төкпей іш –
Жаман әдет білгенге.
Шайды «ыстық» деп үрлеме.
Келген асты алдыңа
Тауысып іш, қалдырма.
Сабақтың соңында кафе қызметкерлерімен кездесуге мүмкіндік болса, қандай сұрақтар қояр едіңдер, сол сұрақтарыңды ойластырып келулерін сұрау.
|
Суреттер
|