Жақсы ата-ана болуды үйренеміз айдан жасқа дейін қуан, СӘБИ!


Шомылуға деген құмарлықты ояту үшін көңілді



Pdf көрінісі
бет47/229
Дата06.02.2022
өлшемі6,55 Mb.
#81640
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   229
Байланысты:
Публикация на каз

Шомылуға деген құмарлықты ояту үшін көңілді 
тақпақты пайдалануға болады. Тақпақты айтып жатқан-
да, барлық аталған заттарды көрсетіңіз.
Сылдырлайды мөлдір су,
Мөлдір суға қолыңды жу.
Жуынсаң сен әрдайым,
Таза бетің, маңдайың.
Тазалықтың досы,
Су дегенің осы.
Ашытады көзіңді
Сабынданған кезіңде
Бола –білсең төзімді
Тап-таза етер өзіңді
Тазалықтың досы
Су дегенің осы.
Қуыршақ
Қуыршақ, қуыршақ,
Таза суға жуынсақ.
Қол ұстасып, дос болып,
Бақ ішінде қыдырсақ.
Кеңестер: егер бала 
судан қорқатын 
болса, онда сумен және 
ойыншықтармен баламен 
бірге ойнаңыз. Баланы күн-
делікті су ортасына үйретуге 
тырысыңыз.
35
ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА ДАЛАДА ЖӘНЕ
ҮЙДЕ ДАМЫТУШЫ ОЙЫНДАР ОЙНАТУ
5


ҮЙДЕГІ ОЙЫНДАР
Баланың назарын үйдегі заттар мен бұйымдарға аударыңыз:
баланы қолынан ұстап, киімі жинаулы тұрған шкафтың 
жанына апарыңыз. «Бұл шкаф» деп айтыңыз;
балаға шкафты қолымен ұстауға, есігін ашып-жабуға 
мүмкіндік беріңіз.
Бұйымдармен «Заттарды орнына қою» сияқты қиын емес 
жаттығулар жасаңыздар, баланы ересек адамға қолынан келген 
көмегін көрсетуге баулыңыз: шкафтан бір затты алып шығыңыз. 
Заттың атын атаңыз, мысалы: «Бұл көйлек». Орнына қойыңыз. 
Балаға: «Көйлекті ала ғой» деңіз. Алған соң, оны орнына 
әдемілеп қайта қоюға көмектесіңіз. «Көйлекті орнына қоя ғой» 
деңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   229




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет