ҮЙДЕГІ ОЙЫНДАР
Баланың назарын үйдегі заттар мен бұйымдарға аударыңыз:
баланы қолынан ұстап, киімі
жинаулы тұрған шкафтың
жанына апарыңыз. «Бұл шкаф» деп айтыңыз;
балаға шкафты қолымен ұстауға, есігін
ашып-жабуға
мүмкіндік беріңіз.
Бұйымдармен «Заттарды орнына қою» сияқты қиын емес
жаттығулар
жасаңыздар, баланы ересек адамға қолынан келген
көмегін көрсетуге баулыңыз: шкафтан бір затты алып шығыңыз.
Заттың
атын атаңыз, мысалы: «Бұл көйлек». Орнына қойыңыз.
Балаға: «Көйлекті ала ғой» деңіз. Алған соң, оны орнына
әдемілеп қайта қоюға көмектесіңіз. «Көйлекті орнына қоя ғой»
деңіз.
Достарыңызбен бөлісу: