Жақсы ата-ана болуды үйренеміз айдан жасқа дейін қуан, СӘБИ!



Pdf көрінісі
бет48/229
Дата06.02.2022
өлшемі6,55 Mb.
#81640
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   229
Байланысты:
Публикация на каз

Анасы даладағы гүлдер, 
құстар, жәндіктер, жыл 
мезгілдері, күн, жаңбыр, жел 
туралы қысқа тақпақтарды 
алдын-ала тауып, жаттап 
алуына болады, мысалы:
«Ара,ара,аралар,
Гүл қауызын жағалар.
Оны баққан ағалар,
Шелек-шелек бал алар.
Ұшып кірсе қосына,
Сен тимесең,тимейді,
Қастығы жоқ досына.»
«Көктем келіп көгілдір,
Жасыл көрпе төседі.
Күміс күн де төгіп нұр,
Көлеңкелер кешеді.
Шомылдырды даланы,
Құйып өткен нөсері,
Жаудыраған жанары
Шық та күбірлеседі.»
«Найзағайлар атылды,
Жерге бұршақ шашылды.
Нөсер жауып бір кезде,
Жұртты әуреге салдырды.» 
Немесе көбелек туралы 
тақпақ:
«Қызыл қанат көбелек,
Жасыл қанат көбелек.
Гүлден гүлге қонасың
Ұстатпайсың не керек.»
Гүл туралы:
«Гүлім, гүлім, өсе бер,
Әдемі боп, асыл боп.
Күндей жайнап кете бер,
Қызыл, сары, жасыл боп.» 
Мүмкіндігінше, көп уақытты 
табиғат аясында өткізіңіздер.
Әртүрлі жерде серуенде-
ген дұрыс: кептерге нан 
қоқымдарын алып, бүгін 
саябақта, ал ертең жақын 
жерде орналасқан тоғанға, 
бұлаққа, жылғаға жол тартуға 
болады.
i
Кеңестер: баланы 
табиғат нысандары 
көп жерлерге серуендеуге 
жиі апарып тұрыңыз. Бақы-
лау нысанын өзі таңдауға 
мүмкіндік беріңіз. Баланың 
жинағандарын лақтыр-
маңыз.
36


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   229




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет