ДАБЫЛ БЕЛГІЛЕРІ
1.
Гу-гулеген дыбыстардың
болмауы немесе олардың солғын,
әлсіз шығуы, кеш пайда болуы (4-5 айдан кейін);
2.
Сөйлеп жатқан ересек адамға қарай басын бұрмауы;
3.
Сыбыр
әңгімеге назар аудармауы;
4.
Сыбызғы ойыншыққа назар аудармауы;
5.
Дауыс ырғақтары өзгеше – өзгермейтін, бір сарынды,
екпінсіз гу-гулеген дыбыстар.
БАЛАНЫҢ КҮРДЕЛІ ОНТОГЕНЕТИКАЛЫҚ ДАМУ ТІЗБЕ-
ГІНДЕГІ ТІПТІ БІР БУЫН ҚАЛЫС ҚАЛСА, СӨЗСІЗ ӨЗГЕ
САЛАЛАРДАҒЫ АУЫТҚУШЫЛЫҚТАРҒА НЕМЕСЕ ДАМУ
ҮДЕРІСІНІҢ КЕШЕУІЛДЕУІНЕ ДУШАР ЕТЕДІ.
7-9 айлығында баланың былдыр тілі әркелкі, белсенді бола
түседі, көптеген балалардың тілінде
бірдей екі буыннан тұра-
тын қос буынды сөздер (мама, папа…) пайда болады, алайда,
ескерте
кететін жайт, көп жағдайда бұл «сөздер» өз мән-мағы-
насына
сәйкес емес, олар алғашқы мақсатты сөздерге көшудің
өзінше бір «былдыр» кезеңі болып табылады.
8-10 айлығында бала жекелеген сөздердің мағынасын түсіне
бастайды: өз атын естігенде үн қатады, «болмайды», «тұра тұр»
десе, қалшия қалады, өтініш жасаса, жекелеген әрекеттерді
орындайды (бер, ал, сау бол, «қуыр-қуыр, қуырмаш»). Балалар-
дың көпшілігі 9-10 айлығында «қайда» деген сұрақты түсінеді,
ересек адам «Төсегің қайда?» деп сұраса, көзімен
іздеп табады
немесе таныс затты қолымен көрсетеді.
Бұл жаста есту, көру қабілетінің дамуын
баланың танымдың да-
муынан және моторикасының дамуынан ажырату айтарлықтай
қиын.
17
Достарыңызбен бөлісу: