Жақсы ата-ана болуды үйренеміз айдан жасқа дейін қуан, СӘБИ!


БІР ЖАС ІШІНДЕГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЖҮЙКЕ-



Pdf көрінісі
бет25/229
Дата06.02.2022
өлшемі6,55 Mb.
#81640
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   229
Байланысты:
Публикация на каз

БІР ЖАС ІШІНДЕГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЖҮЙКЕ-
ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫ 
2


ДАБЫЛ БЕЛГІЛЕРІ
1. 
Адамның бет-жүзіне, ойыншыққа көз тоқтата алмайды;
2. 
Қозғалыстағы заттарды бақыламайды және олардың ұстап 
алуға талпынбайды;
3. 
Ұсақ заттарды (қиқымдар, жіптер) жинауға талпынбайды;
4. 
Қолына түскен заттарға, ойыншықтарға қарамайды, бірақ 
ұзақ уақыт бойы басқа тәсілдермен барлайды (сипалайды, 
бетіне басады, аузына апарады, жалайды, кеміреді);
5. 
Жиі және ұзақ, тіпті ояу болғанда да, көзін қолымен уқа-
лайды;
6. 
Көлеңкелі бөлмеде жарқырауық ойыншықтармен жақсы-
рақ және ұзағырақ ойнайды.
ЕСТУ ҚАБІЛЕТІНІҢ ДАМУЫ
Жаңа туылған нәресте оқыс дыбыстарды ести алады: ол қорқа-
ды, селк етеді, көзін жұмады, маңдайын тыржитады, айғайлайды. 
Өмірінің алғашқы айы соңына таяғанда қалшию әрекеті бай-
қалады: сылдырмақ сылдырына немесе әңгімеге құлақ түріп 
жатып, бала сөйлеп жатқан адамның бетіне үңіле алады.
3 айлығында бала әртүрлі дыбыстарға құлақ салады, мінезі 
дыбыс ырғағы мен екпіні әртүрлі болғанда өзгереді. Дыбыс 
көзін іздеу қимыл-әрекеті дамиды. Бала анасының даусын 
басқа дыбыстардан ажыратуды үйренеді.
6 айлығында бала тек жоғары жиілікті дыбыстарды (ысқыру, 
телефон қоңырауы, сыбызғы), ауызекі әңгімені ғана емес
сыбыр сияқты бәсең дыбыстарды да ести алады. Бұл жастағы 
бөбек кеңістікте дыбыстардың орнын табу дағдыларын жетіл-
діреді, басын шыққан дыбыс көзіне қарай бұрады, естіген 
және көрген әсерлерін өзара байланыстырады.
6 айлығында баланың гу-гулеген дауысы әркелкі, сазды бола 
түседі, онда көптеген жаңа дыбыстар мен ырғақтар пайда 
болады, дауысты дыбыстарға кейбір дауыссыз дыбыстар 
қосылады, яғни, былдыр деп аталатын дыбыс тіркестері пайда 
болады.
Есту құрылымы қалыптасқаннан кейінгі баланың дамуы 
«дыбыстар сөздігін» жинау, есту жадысын дамыту арқылы 
жалғасады. 6 айдан кейін бөбек үшін маңызды ересектермен 
қарым-қатынас, олармен «әңгімелесу» айрықша маңызды. Ол 
тек гу-гулеп, былдырлап қана қоймай, қызу қол сермейді, бет 
қимылын, ым қосады.
16


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   229




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет