Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Алматы қаласы білім басқармасы
«Жаңа Ғасыр» №175 гимназия
«АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНІҢ АУДАРЫЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ»
Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары
Секция : тіл білімі (ағылшын тілі)
Орындады: «Жаңа Ғасыр » № 175 гимназия
9 «а» сынып оқушысы Алпер Аиша
Ғылыми жетекші: Абылай хан атындағы ҚазМУМО и МЯ, Аударма және филология факультеті, Роман-Герман филология кафедрасы, аға оқытушы:
Сопиева Баян Абдужаппарқызы – филология магистрі
Жоба жетекшісі: Досқожаева Нұргүл Елшібекқызы
«Жаңа Ғасыр » № 175 гимназия ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Алматы – 2015
Мазмұны
КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1. АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНІҢ АУДАРЫЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.2 Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің зерттелуі................................................4
1.3Мақал – мәтелдердің ағылшын тілінде зерттелуі........................................5
1.4 Фразеологизмдерді, мақал-мәтелдерді аудару жолдары.............................7
2. АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ МАҚАЛ – МӘТЕЛДЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ, МАҒЫНАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, ҰҚСАСТЫҚТАРЫ
2.1 Ағылшын және қазақ мақал – мәтелдерінің құрылымдық, мағыналық ерекшеліктері және оларды топтастыру..............................................................9
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................20
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..............................................................22
Ғылыми жоба жетекшісінің пікірі ................................................................. 24
1.Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Көркем сөз өнерінде халықтың тарихы, саяси өмірі, салт-санасы, тұрмыс-тіршілігі, дүниетанымы, рухани және материалдық қазынасы, сан саладағы мәдениеті жан-жақты көрініс тапқан. Әр ұлттың философиясы оның мақал- мәтелдерінде десек, қателесе қоймаспыз. Сондықтан біздің тақырыбымыз терең ойды аядай қалыпқа сыйғызған халық даналығын, шешендігі мен асқан шеберлігін танытатын да осы ұлттық сипатқа ие тұрақты орамдар жайында болмақ. Әрбір халықтың тарихи даму кезеңдеріндегі сан алуан өзгерістер тілдің лексикалық-грамматикалық жүйесіне ықпал етіп, өзіндік із қалдырып отырғаны сөзсіз, алайда жұмыс барысында мақал-мәтелдер тұлғалық және мағыналық біртұтастығын сақтап қалған бірден-бір тілдік бірліктер ретінде белгілі екендігіне куә болдық. Аталмыш тілдік бірліктер арқылы ата-бабамыз жас ұрпақты елін,жерін сүюге, ерінбей еңбек етуге, білім алуға, адал, кішіпейіл болуға үндеп, жалқаулық, өсек-өтірік, мақтаншақтық тәрізді қасиеттерден бойын аулақ салуға тәрбиелей білген.
Шет тілін үйренуші ол тілдің сөздік қорын игеріп,грамматика ережелерін меңгеріп,мәтіндерді дұрыс аудара алу қабілетіне жетіп қана қоймай,сол тілді тудырған халықтың мәдениетін өз халқының мәдениетінен кем білмеуге тырысу қажет.Мәдениет деген ұғымға халықтың өнер-білімі ғана емес,ғасырлар бойы қалыптасқан өмір сүру стилі,ойлау ерекшелігі, ұлттық салт- дәстүрі,тұрмысы,өмірге деген көзқарасы да кіреді. Мақал-мәтелдер – осы ұғымдарды айқын көрсететіні анық. Ұлттық-мәдениеттік семантика ағылшын халқының мақал-мәтелдеріне де тән.Ағылшын мақал-мәтелдері мың жылдан астам тарихы бар халықтың өсіп-өнуінің нәтижесі.Оларды тек көркем сөз құралы демей,ағылшын қоғамынан хабардар ететін білім қайнары деп те қараған жөн.Жұмыстың тақырыбы: АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНІҢ АУДАРЫЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ . Осы тақырыпты зерттеуді қолға алған кезде менің алға қойған мақсатым ағылшын тіліндегі мақал- мәтелдерді қазақ тіліне аударудың мүмкіншіліктерін, жолдарын және ерекшеліктерін қарастыру болды.Олардың ішінде нақты еңбекке баулу тақырыбындағы мақал-мәтелдерді салыстыра зерттеу, олардың баламаларын табуға тырысу.
Мақал-мәтелдер — сөздік құрамның халық өміріндегі әрқилы кезеңдерді, қарым-қатынас пен қоғамдық құбылыстарды бейнелей сипаттайтын, көңілдегі ойды шебер де ұғымды жеткізетін, қысқа да нұсқа тұжырым жасайтын, мән-мазмұнға бай бөлігі. Мақал-мәтелдердің қазақ және ағылшын тілдерінде зерттелуіне тоқталмас бұрын отандық және әлемдік тіл мамандары арасында пікірталас туғызған, олардың қай салаға қатыстылығы жөнінде айтылған тұжырымдарды атай кеткен жөн. Мысалға айтатын болсақ, фразеология саласының қалыптасуына, дамуына өзіндік үлес қосқан В.В. Виноградов, Н.М. Шанский, В.Н. Телия, М. Чернышева, М.М. Копыленко, А.В. Кунин, И.В. Арнольд, І.Кеңесбаев, Ә.Т. Қайдар, Б. Манасбаев т.б. сынды ғалымдар мақал-мәтелдерді фразеология саласының еншісіне тиесілі деген ғылыми негіздемелер ұсынады.Жоғарыда аталған тұжырымға қарсы пікірді ұстанушы ғалымдар-Н.Н.Амосова,А.М.Бабкин,В.П.Жухов,М.Нагиев,М.А.Филиповская,А.Н.Кожин т.б.
Сонымен бірге ММ-дердің тілдік табиғатын зерттеу негізінде олардың құрылымында ұлттық болмыс мазмұнын қалыптастыратын тетіктерді анықтау - жұмыстың негізгі мақсаты болып табылады. Осы мақсаттың мүддесінен шығу үшін жұмыста мынадай нақты міндеттерді шешу көзделеді:
- ММ-дердің орыс, түркология, қазақ тіл біліміндегі зерттелу жайын сипаттау;
- фразеологиялық тіркестер мен мақал-мәтелдердің арақатысын қөрсету;
- мақал мен мәтелдің ұқсастықтары мен өзара айырмашылықтарын көрсету;
- ММ-дер мен нақыл сөздердің арақатысын айқындау;
- ММ-дердің логика-семиотикалық құрылымын сипаттау;
- ММ-дердің жасалуындағы этнолингвистикалык уәждерді, көрсету;
- түркі халықтарының ММ-деріндегі ортақ ойлау жүйесінің көріністерін көрсету;
- ММ-дердің практикалық қызметіне байланысты ММ-дердің мәтіндік мағынасын, варианттылығын талдау;
- ММ-дердің құрылымдық - тұрпаттық межесіне байланысты бір (таңды, қос тағанды ММ-дердің құрылымдық сипатын бір құрамды және қос құрамды жай сөйлем негізіңде талдау;
- зерттеу жұмысына тиянақ болатын теориялық әдістемелік қағидаларды айқындау және негіздеу;
- этнолингвистикалық аспектідегі зерттеулерге шолу жасап, оларға қысқаша сипаттама беру;
- мақал-мәтелдерді топтастыру принциптерін айқындау және белгілі бір тақырыптық топтар бойынша жүйелеу;
- қазақ-ағылшын мақал-мәтелдерінің семантикасындағы ұқсастықтар мен айырма белгілерді айқындау үшін прецедентті мәтіндерді сұрыптап талдау;
- тіл-тілдің образдар дүниесінде орын алатын ұқсастықтарын көрсету және олардың түпнегізін анықтау.
1.АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНІҢ АУДАРЫЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1 Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің зерттелуі
Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдерге қатысты материалдарға шолу жасау барысында оларды қазақтың мақал-мәтелдерін алғаш қағаз бетіне түсірген ғалым — Ш.Уәлиханов, Я. Лютш, Ф.Катанов, В.В. Катаринский, П.М. Мелиоранский, Н.Н. Пантусов халық мұрасын жүйеге келтіру, насихаттауда.
Қазақ мақал-мәтелдерінің ғылыми тұрғыдан зерттелуіне арналған іргелі монографиялық зерттеулер Қазан революциясынан бұрын басылып шыққан жинақтарды негізі зерттеу материалы. Тіл-тілдегі паремиологиялық жүйені салыстыра-салғастыра зерттеуге арналған жұлыстар қатарының біртіндеп
А. Донбаеваның жұмысында қаралған. Сонымен, қазақ мақал-мәтелдерінің
а) тілшілес, яғни бір тіл аясындағы зерттеулер; ә) туыс
Мақал-мәтелдерде қандай ой беріледі, тура сол ой әртүрлі сөздермен айтылады.
Мақал-мәтелдер – халық шығармашылығының көне жанры. Көне заманнан мақалдарды мәтелдерден айыру керек. Мақалдың басты өзгешелігі
Мақал-мәтелдердің қазақ және ағылшын тілдерінде зерттелуіне тоқталмас бұрын отандық зерттеу барысында, ағылшын тіліндегі ММ-дерді топтастырып, жүйеге келтіріп, баспадан мақал-мәтелдердің шығу төркіні, тілде қалыптасуы деген ережеге келер болсақ,
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.
Зерттеу барысында ертегі, аңыз әңгімелер негізінде, тілімізде жұмбақтардан бастау алатын ММ-дер кездеседі: Сырты бүтін, іші –түтін.Тілі шұрайлы, мән-мазмұны терең.
1.2Мақал – мәтелдердің ағылшын тілінде зерттелуі
Ағылшын тіліндегі жалпыхалықтық мұраны жинақтап, жариялау жұмыстары сонау көне ғасырда қалыптасып,күні бүгінге дейін дәстүрлі түрде жалғасып келеді.Тарихи деректерге сүйенер болсақ,өте көне мақал-мәтелдер тізбегін қамтитын “Book of Proverbs in the Old Testament” атты топтама Vғасырда жарық көрген.Кейінгі жинақтар халық игілгіне айналғагн осы іске етене араласып,зор еңбек сіңірген оқымысты ғалым Дезидериус Эрасмус есімімен тығыз байланысты.Оның 1500жылы
“Collectanea” ,1508жылы Венецияда “Chiliades” деген атпен жарияланған жинақтары 1515-1536 жылдар аралығында толықтырылып қайта басылып шықты
Артына өшпес тарихи із қалдырған ғалымдардың бірі Джон Хеуд (John Heywood) өзінің алғашқы “A Dialogue Containing the Number in Effect of all Proverbs in the English Tongue”атты еңбегін 1546жылы,кейінгілерін 1550,1555,1556 жылдары жарыққа шығарды.Сондай-ақ.1610-1680 жылдар аралығында бірқатар мақал-мәтелдер жинақтары,атап айтқанда,1612жылы ағылшын шіркеу қызметшісі Thomas Draxe “Bibliotecha Scholastica Instructissima or,a Treasurie of Ancient Adagie,and Sententious Proverbs”,1639 жылы пастор Дж.Кларктың( John Clarke) “Paroemiologia Anglo-Latina”,1640жылы Дж, Хербергтің “Outlandish Proverbs” атты және т.б.еңбектер жарық көрді
Ағылшын тілі мақал-мәтелдерін ғылыми тұрғыдан арнайы, жан-жақты қарастырған зерттеу жұмыстарының бар екендігі мәлім.Мысалы
Л. И. Швыдкояның ғылыми зерттеуінде мақалдар мен афоризмдер "клише" деген атаумен бір топқа біріктіріліп,олардың синонимдік қатары берілгген,С.И.Вяльцеваның ағылшын мақал-мәтелдерін стильдік,ал Э.Ахундованың зерттеуі синтаксистік ерекшеліктері тұрғысынан талдауға арналған.Ағылшын ьілінің тұрақты тіркестерін зерттеу жұмыстары ғалым А.В.Кунин есімімен тығыз байланысты.Ол өзінің “Курс английского языка”, “Курс фразеологии своременного английского языка” тәрізді көлемді ғылыми еңбектерімен “Англо-русский фразеологический словарь ” сөздігі т.б. арқылы ағылшын тілі табиғатының кейбір өзгеге беймәлім тұстарын айқындап,жалпы тіл ғылымына елеулі үлес қосты және салғастырмалы негіздегі ізденістерге бағыт-бағдар берді.Мақал-мәтелдердің басқа тілдік бірліктермен салыстыра алғанда өзіндік ерекшеліктерін,күрделілігін,мән-мазмұнының тереңдігін айқын көрсететін тұстардың бірі-аударма жұмысы.Кейбір жалпыхалықтық универсалдық сипатқа ие түрлерін есепке алмағанда,әдетте,мақал-мәтелдер бір тілден екінші тілге тікелей аударылмайды.Бір тілден екінші тілге тәржімелеу барысында мағынасы мен тіркес құрамындағы сыңарлары дәлме-дәл келетін теңбе-тең баламасы немесе контекстік мағынасы сәйкес эквиваленті қолданылуы мүмкін.Әсіресе,ілеспесе аудармада шапшаңдық,жинақылық қажет.Осы мақсатқа негізделген,практикалық мәні бар жұмыстарының бірі- Т.Баймаханова,Н.Өтешева,Н.Байтөлеевалардың құрастыруымен жарық көрген “Английские пословицы и поговорки и их эквиваленты в русском и казахском языках” атты еңбек.Жұмыста мақал-мәтелдер он мағыналық топқа бөлініп,олардың орыс және қазақ тілдеріндегі баламалары берілген.Алайда,ағылшын ММ-дердінің қазақ тілінде баламалары бола тұра,тікелей аударылған тұстары да баршылық.
Ақын-жазушы, саясаткерлердің ұғымды, үйлесімді айтылған қысқа, әрі нұсқа, айшықты сөздерінің де ағылшын тілінің сөздік қорын байытуға едәуір үлес қосқаны нақтыланды.Мысалы: The customer is always right(Әрқашан тұтынушынікі дұрыс) тіркесінің Еуропадағы ең үлкен сауда орталықтарының бірі Сэлфриджезді ашқан Г.Селфриджге тиесілілігі жөнінде деректер бар.Себебеі,оның барлық дүкендерінде The customer is always right(Әрқашан тұтынушынікі дұрыс) деген қатаң қағида қалыптасқан.Көпшілік көңілінен шыққан осы сөз кейіннен халық арасында жиі айтылып,дістүрлі қолданысқа енген.
Қазақ және ағылшын паремиологизмдерінің түпдеректеріне қатысты негізгі айырма мынада:Қазақ ММ-дерінің негізгі бұлағы діни ағым,қасиетті кітаптан тараған ұлағатты сөздер болып табылады және Шекспир сынды ұлы тұлғалардың айшықты,мәнді сөз үлгілері ерекше орын алады.
Ағылшын зерттеушілері аталмыш тіркестің қазіргі заман ағымына сай келіп тұрғанымен,көненің көзі екендігін ескертеді және оның алғашқы қолданысын біздің жыл санауымыз бойынша 320жылдардағы Теопрастус жазбаларымен ұштастырады.
"Тһеrе іs а timе оf еvеrуthing (с.с.а.: Әр нәрсенің өз уақыты бар)
Қазақша баламасы: Сабапқы ине сәтімен.
Бұл ағылшын мақалы қасиетті кітап Інжілдің “ То еvеrуthing there is a season,and a time to every purpose under the heaven” (Аспан астында әр нәрсенің,әр мақсаттың өз мерзімі бар) деген өсиет,өнегелерінен ықтималдық,тұрақты қалыпқа енген.
Қазақ және ағылшын тілдерінде ақша-қаражат жайлы мақал-мәтелдер де кездеседі.
Мысалы, “Таке саrе оf реnсе аnd the роunds will take care of themselves”(с.с.а..:Пэнсті үнемдеп ұстасаң,фунт өз-өзінен үнемдейді)Теңге тиыннан өсер,Жылқы құлыннан өсер;Береке тиыннан.
Ағылшын тілі мақал-мәтелдерінің алтын қорынан ауа-райына, аспан денелеріне, табиғат құбылыстарына ұатысты мақал-мәтелдерді жиі кездестіруге болады.
Ағылшын тілінде халық арасында жиі қолданылатын "Маnnеrs takе the man"(с.с.а:Адамды адам ететін оның әдептілігі)тұлғасы ыұшам,алайда мәні зор тілдік орам,орта ғасырда орын алған қағида,дәстүрлерге.заман талабына байланысты қалыптасқан.Әсіресе,XIV Англияда мәдениеттіліктің негізгі шарттарына,өзін-өзі ұстау ережелеріне баса назар аударылып,мүлтіксіз орындалуы талап етілді.Әдептілік,ізеттілік ережелерін қамтитын арнайы жинақтар шығарыла бастады.Уақыт өте келе осы ұстанымдардың бірқатары жалпыхалықтық мақал-мәтелге айналып,кеңінен қолданыс тапты.
Мысалы, Good manness make the a man
(Адамды адам ететін оның әдептілігі);If you sit by worhier man than thyself art one,Suffer him first to touch the meat(Егер өзіңнен салауаттырақ адаммен дастархандас болсаң,одан үлгі ал,яғни соған қарап ас іш)т.б.
"Жалғыз қаздың үні шықпас, Жалғыз қыздың мұңы шықпас" деген мақал қазақтың әдет-ғұрпына,өмір салтына байланысты тілде қалыптасқан деп ойлаймыз.Өзара қарым-қатынасын жекжат болып нығайтқысы келген адамдардың балаларын атастырып,күйеу жігіт қайтыс болса,әмеңгерлікпен туған бауырының,болмаса жас ерекшелігіне қарамай туыстарының біріне қосуы тәрізді мәселелер ата дәстүрі бойынша шешімін табатын.Балғын жас қыздардың тіпті әкесінен үлкен қарт кісілерге тұрмысқа шығуға мәжбүр болуының негізгі себептері,қыз әкесінің сіңірі шыұұан кедйлігі,не жетім қыздың жалғыздығы екендігін көптеген мұражай деректері дәлелдейді.Жоғарыда келтірілген мақалдың шығуына мұның шаға алмай,тағдырдың дегеніне көнген арулардың қайғы-қасіреті себеп болған тәрізді.
Діни мифологиялық наным-сенімге байланысты ММ-дердің этнолингвистикалық уәжі. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі наным-сенімге байланысты мақал-мәтелдер де кездеседі.Мысалы,ағылшын тіліндегі "God helps those Who help themself"(с.с.а..:Өзіне өзі көмектескендерге Құдай да жәрдемдеседі)тіркесінің шығуы төркінің біздің жыл санауымызға дейінгі 570жылы жазылған "Геракл және күймеші" атты Эзоптың аңыз әңгімесімен байланыстырамыз.Мифтік әңгіменің жалпы мазмұнына келер болсақ,күймесі батпаққа батып тұрып қалған күймеші оны шығаруға талпыныс жасамастан,көмекке құдіретті де күшті Гераклды шандырады.Адамның бұл қылығына қатты ашуланған Геракл:"күйменің доңғалағының артына иығынды тіреп итер де,өгізіңді алға айда" дейді және алдағы уақытта еш әрекет қылмастан өзін шақыруға тыйым салды.Осы ой түйіні XVII ғ. дейінгі әдебиеттерде әр түрлі жолдармен берілген.Мыcалы, Дж.Барэт "An Atyearie"(1580) атты еңбегінде:"God helps those on their anaire,which are industrious"(с.с.а.:Құдай еңбек сүйгіштерге көмектеседі) десе,Дж.Херберт "Jacula Ptudentum" деген шығармасында "Help thyself,and God will help thee"(с.с.а.:Өзіңе өзің көмектес,сонда сондай да жәрдем береді) деп,сәл түрлендіре қолданған.Қазіргі уақытта тұрақты қолданысқа ие "God help those,who help themself" мақалы алғаш рет 1736жылы Б.Франклиннің "Poor Richard's Almanack" атты еңбегінде қолданылады.
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі наным-сенімге,оның ішінде, жаратқан ие,Алла тағалаға қатысты ММ-дерді салғастыра зерттей отырып,олардың семанитикалық жағынан өзара сәйкес келетіндігі анықталады.ММ-дер арқылы берілетін ойдың өзара өзектесіп,астасып келу себебін әртектес тілдер өкілдерінің өмір сабағының,ғасырлар бойғы тіршілікте көзі жетіп,көкейіне түйген тәжірибе жиынтығының ұқсастығымен ұштастырамыз.
Ағылшын тілінің фразеологиясына қатысты кешенді зерттеулерімен, дәйекті тұжырым, пайымдауларымен танымал А.В.Кунин де жоғарыда аталған ғалымдардың көзқарасын ұстанады,алайда,аталмыш тұрақты тұлғалардың құрылымдық-мағыналық ерекшеліктерін негізге ала отырып,оларды "коммуникативтік фразеологиялық бірліктер" деп атап,жеке қарауды ұсынады.
Осы жоғарыда аталған тұжырымға қарсы пікірді ұстанушы белгілі ғалымдар-Н.Н.Амосова,Ф.М.Бабкин,В.П.Жухов,М.Нагиев,М.А. Филипповская, А.Н. Кожин т.б. Мақал-мәтелдерді фразеология саласынан тыс қарайтын ғалымдардың көпшілігі оларды ауыз әдебиетінің зертету нысаны қатарына жатқызады.Ал осы бағыттағы көлемді зертеулерімен танымал ғалым Н.Н.Амосова "мақал-мәтелдерді фразеология қорына жатқызуға болмайды,олар мазмұны жағынан да,сөйлемде атқаратын қызметі тұрғысынан да фразеологиялық бірліктердің белгілеріне жауап бермейді" деген пікір ұсынады.
Мақал-мәтелдерді жинақтап, сұрыптап, белгілі бір жүйеге келтіруде, тілдік бірлестіктер табиғатының кейбір қырларын айқындауға зор еңбек сіңірген ғалым Г.Д.Пермяков аталмыш тұрақты тұлғалардың тілші ғалымдар тарапынан да,әдебиетші мамандар тарапынан да зерттелуі қажеттігін ескертеді.
Осы келтірілген ой-пікірлерге және өзіндік зерттеу нәтижелеріне сүйенер болсақ,мақал-мәтелдердің тұлға тұрақтылығы,тіркес тиянақтылығы,мағына тұтастығы,қолдануға даярлығы тәрізді сипаттары оларды фразеологизмедер қатарына қосып,осы салада зерттеуге толық мүмкіндік береді.
Мақал-мәтелдер – ауыз халық шығармашылығының кең таралған жанры.Мақал-мәтелдердің пайда болуының уақыты белгісіз,бірақ дұрыс:мақалдар да,мәтелдер де көне заманда пайда болған,содан бері тарихының бұкіл бойында халыққа ілеседі.Мақал-мәтелдердің тұрақтылығына және еске алушылығына жететін көмегімен құралдарға да көңіл аударылады.Сондай құралдардың бірі-айқын немесе ассонансты ұйқас:
Little strokes tell great oaks
A stitch in time saves nine
Мақал-мәтелдердің кәдімгі балансталған формасы ең жиі пайдаланылатын тәсіл, мысалы:
More haste, less speed
Easy come, easy go
Like father, like son.
Қысқалылық еске алынатын айтулардың маңызды аспектісі болып табылады.Тек ең көп емес мақал-мәтелдер көпсөзді,олардың көпшілігі бес сөзден тұрады.
Boys will be boys.
Dead men tell no tales.
Better late than never.
Practice makes perfect.
Тіл туралы ғылымда мақал-мәтелдергежалпы қабылданған көзқарас құрылған жоқ.Кейде мақал-мәтелдер астында өмірдің әр түрлі құбылыстарын бейнелейтін және аяқталған сөйлемнің формасымен ие болатын мерген бейнелі нақыл сөздер түсіндіріледі.Мақалдар аяқталған пікірді белгілейді.
Мәтелмен мақалдан ақыл қорытындысының бітімсіздігімен айырылатын қысқа бейнелі нақыл сөздерді атайды.
Ұқсас анықтама барлық түсіндірме сөздіктерінде де, көптеген арнайы баптарда да,зерттеулерде де кездесуі мүмкін.
Фразеология бойынша бөлек жұмыстарда мақалдың мәтелден басты айырмашылығы: мақал жалпы пікіоді түсіндіреді,мәтел-пікірді жиілік мінезінде.Осы лингвистердің пікірі бойынша тек қана мақалдар емес,және де мәтелдер аяқталған сөйлем формасынмен ие бола алады.
Мәтел сондай құрылыстың тұрақты сөйлемі болып саналады,мақал сияқты,бірақ дидактикалық мазмұнынан айырылған.
Көбінесе мәтелдер ретінде мынандай сөйлемшелер келтіріледі:
When pigs can fly. When two Sundays come together.
When hell freezes over. the Dutch have taken Holland.
1.3 Фразеологизмдерді, мақал-мәтелдерді аудару жолдары
Фразеологизмдерді зерттеушілердің қай-қайсысы болсын оларды басқа тілге жеткізудің филологиялық фразеологизмдердің бейнелік қасиеті, экспрессивті-эмоционалдық бояуы, құрастырушы сыңарларының бірлігі контекст.Көркем шығармада болсын, саяси, публицистикалық шығармада болсын фразеологизмдер жиі фразеологизмдердің жалпы сипаттары, өзіндік ерекшелігін түгендемесек те, ұзын-ырғасын санамалап:
1. Фразеологиялық бірліктер белгілі бір дәрежеде лексикалық бірлікке ұқсап
2.Фразеологиялық бірліктер контекстен тыс тұрғанда еркін тіркестер мен омонимдес
3. Көптеген фразеологиялық бірліктердің тууында тарихи себеп, ұлттық салт-дәстүрлік
4.Фразеологиялық тіркестің компоненттерінің мағынасы олардың тұтас мағынасына тікелей
5. Фразеологизмдер стилистикалық тұрғыдан әртүрлі топтарға қатысты
Фразеологиялық орамдар тіл білімінде әр тұрғыдан едәуір дәрежеде зерттеледі.
Мәселен, оның құрамына күрделі сөздерде, метафоралық қолданыстарда
фразеологиялық бірліктер лингвистикада соңғы кездерде тұтас шығатын мағынаға компоненттерінің айта кету керек, кейінгі кезде қазақ тіл білімінде де сонымен жоғарыда көрсетілген классификациялардың қай-қайсын алмасақ та құрылымдық-семантикалық тұрғыға тіл ғылымында дәлелденген тұрғы бойынша фразеологиялық тізбектер (Кеңесбаевша, тіркестер)
Аударма үшін керекті нәрсе фразеологиялық орамдардың қорытынды мағынасы
Аударма зерттеушісі Ө. Айтбаев:«... фразеологизмдерді екі топқа бөліп қарады,сол сияқты Р.Сәрсенбаева талмыш мақаласында фразеологиялық бірліктерді табиғаты
1. Идиомдарды аудару;
2. Тұрақты метафоралық тізбектермен макал-мәтелдердің аударылуы. (Сәрсенбаев Р./ байқап отырғанымыздай, бұл жіктеуде айырмашылық шамалы.Тіл-тілдегі идиомдардың бәрі де құрастырушы сыңарлардың жеке-жеке алғандағы мағынасынан тұтас адамзаттың бөлшегі ретіндегі кез келген халықтың өміріндегі ұқсас тұрақты фразеологиялық тіркестер мен мақал-мәтелдерді (фразеологиялық сойлемшелерді) аудару. Қай метафоралық тұрақты тізбектердің құрамына енген сөздер белгілі бір дәрежеде мақал-мәтел, қанатты сөздерді (крылатые выражения) аударуда өзгеше амалдар іздеуге тілдегі мақал-мәтелдер де белгілі бір дәрежеде тұрақты сөз тіркесіне
1. мақал-мәтелдер де, фразеологизмдер де сөйлеуде дайын күйінде (аздап
2. екі бірліктің де құрастырушы сыңарлары тұрақты, бұл сыңарлардың
3. кейбір фразеологизмдер сияқты макал-мәтелдер де құрастырушы сыңарларының лексикалық
4. фразеологизмдер сияқты макал-мәтелдерде де ұлттық колорит болады;
5.мақал-мәтелдерде де, әсіресе, тұрақты сөз тіркестерінде де образдылық, метафоралық
Сонымен қатар бұлардың арасында елеулі айырмашылықтар да бар:
1. Оның бастысы - мақал-мәтелдерде сөйлемдік қасиет болғандықтан, олар
2. мақал-мәтелдерде үлгі-өнегелік, нақылдық, өсиеттік маңыз болса, фразеологизмдерде
3. мақал-мәтелдер ауыз әдебиетінің ерекше бір жанры болып
4. мақал-мәтелдер әрбір жеке жағдайға байланысты туса, қолданылса, фразеологизмдерден сонда, мақал-мәтелдерді басқа тілге жеткізуде ескеретін жайттар - мақал-мәтелдерде зерттеушілердің әрқайсысы мақал-мәтелдерді аударуды өзінше топшылап, жинақтаса да, бұл жоғарыда айтқандай, сол мақал-мэтелдерді қолданып жүрген халықтың мінез-машығы, әдет-ғұрыбы,
Мақал-мәтел компоненттері өзінің лексикалық мағынасын сақтайтынына орай, екіншіден, мақал-мәтелдің аударма жүзесінде мүндай жағдайда - екі тілде де ұқсас зерттеушілердің талдауларына жүгінсек, мақал-мәтелдерді аударудың төменде көрсетілгендей жолдары бар.
Кто правду говорит, того люди не любят
Кто на быке едет, того собаки не любят
Өгізге мінгенге ит өш,
Адалын айтқанға жүрт өш;
И волки сыты,и овцы целы
Қасқыр да тоқ,
Қой да аман;
Утро вечера мудренее - Кешкі ақылдан таңғы мақұл жақсы;
Хорошая жена - каменная стена,
А худая - на голову положенная беда -
Жақсы әйел - тac қорған,
Жаман әйел - сордан;
Берерменге бесеу көп,
Аларманға алтау аз. -
Пять - много кажется дающему,
Шесть-мало кажется берущему;
Іріген ауыздан шіріген сөз шығады. - Изо рта гнилого
Екінші тәсіл
Слышал звон, да не знает, где он
Әлдеқайдан жаңғырып, білмей қалды аңырып;
Екі түйе қасысса, ортасында шыбын өледі –
Если вдруг сшибутся два верблюда, мухе между ними будет
Жапалақпен тасты ұрсаң да жапалақ өледі.-
Камень упал на сову,
Сова мертва,
Сова упала на камень,
Мертва сова т.с.с аудармаларды келтіруге болады. Бұл үшінші тәсіл.
Кейбір тәжірибеден байқағандай, бұларды аударуда да идиомға қолданылган тәсілдер де бар.
2. АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ МАҚАЛ – МӘТЕЛДЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ, МАҒЫНАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, ҰҚСАСТЫҚТАРЫ
2.1 Ағылшын және қазақ мақал – мәтелдерінің құрылымдық, мағыналық ерекшеліктері жәнеоларды топтастыру
Мақал-мәтелдерді топтастырудың негізгі қағидалары. Тіл білімінде ММ-дерді топтастырудың бірнеше қағидасы бар,енді солардың егізгі түрлеріне тоқталайық.
1. Әріптік, әліпбилік (алфавиттік) топтастыру. Аты айтып тұрғандай, топтастырудың бұл түрінде мақал құрамындағы алғашқы сөздің басқы әрпі негізге алыады.
2. Ұйытқы сөз арқылы (лексикалық энциклопедиялық) топтастыру
Зерттеу барысында белгілі паремиологтар А.Жигулиев,М.В.Буковская және бірқатар шетел ғалымдарынынң осы әдіске зор мән беретіндігі байқалды.Қажет тілдік бірлікті ұйытқы сөзге сүйене отырып,оңай тауып алуға болатындығын аталмыш әдістің ерекшілігі деп танимыз.Ал кемшіл тұсы жоғарыда аталған әдіспен пара-пар,өзара мағыналас мақалдар бөлек,ал,керісінше,лексемалары бір,мазмұны бөлек түрлері бір топқа енеді.Мысалы,
"Жуас түйе жөндеуге жақсы",
"Түйе бойына сеніп жылдан құр қалыпты",
"Түйе көп болса, жүк сыймас" тәрізді ММ-дер семантикалық алшақтыққа қарамастан,бір тақырыптық топқа біріктіріледі.Зерттеу нәтижесінде қазақ тілінде аталмыш әдіс бойынша құрастырылған ММ жинағының жоқтылығы анықталады.
3. Монографиялық топтастыру. Мұнда ММ жинақталған уақытына,кезеңіне,таралу аймағына орай жіктелген. «Пословицы,поговорки,загадки в рукописных сборниках XIII-XX веков» және «Ақылдың көзң,Ташкент маңы жән Сырдария жағалауындағы Қазығұрт пен Қаратау бөктеріндегі ежелден тұратын қазақтардың мақалдары» атты жинақтар монографиялық топтастырудың айқын белгісі
4. Генетикалық тұрғыдан топтастыруда ММ-дердің шығу төркіні,белгілі бір халыққа,тілге қатыстылығы негізге алынады.М.Брагинскийдің жетекшілігімен жарық көрген «Шығыс халықтарының мақал-мәтелдері » жинағы осы генетикалық әдіспен түзілген.
5. Тақырыптық (тематикалық) топтастыру. Бұл қағида бойынша мақал-мәтелдер мән-мағынасына қарай топтастырылады.Зерттеу барысында көп жағдайда қазақ мақал-мәтелдерінің осы қағидамен топтастырылғандығы байқалды.Топтастырудың бұл қағидасы мағыналас мақал-мәтелдерді бір топтан оңай тауып алуға болатындығымен ерекшеленеді.Деп ұрғанмен,топтастырудың бұл жолы да кемшіліксіз емес.Біріншіден көптеген мақал-мәтелдер ауыспалы мәнге ие болғандықтан,көп тақырыпты болып келеді де,оларды бір топ аясына енгізу қиындық туғызады.Екіншіден,көп мақал-мәтелдердің тақырыптық тобын айқындау да едәуір қиындық туғызады.Үшіншіден көп мақал-мәтелдерді тақырыптық топқа саралау,топ жиынтығын құрайтын топшалардың жалпы санын айқындау,мақалдардың топ топқа меншіктігін анықтау тәрізді мәселелерді шешу зерттеуші немесе жинақтаушының құзырында.Бірақ,жоғарыда аталған кемшіліктерге қарамастан,мақал-мәтелдерді тақырыптық тұрғыдан топтастырған жөн деп ойлаймыз.Себебі,ізденуші немесе тілді үйренуші өзінің мақсат-мүддесіне орай қажет мақал-мәтелді тақырыбына қарап оңай тауып алады, әрі қолдануға да өте ыңғайлы.Мақал-мәтелдер табиғатын арнайы зерттеп жүрген тілші қауымға да аталмыш топтастырудың мәні зор екендігі айтпаса да түсінікті.
6. Мақал-мәтелдерді зерттеуге зор үлес қосқан белгілі паремиолог ғалым Г.Л.Пермяков жоғарыдағы топтастыру үлгілерінің кешін тұстарын ескере отырып,мақал-мәтелдерді жүйелеудің жаңа бір принципін ұсынды.Бұл мақал-мәтелдерді инвариантты тақырыптық жұптармен топтастыруБұл принцип бойынша мақал-мәтелдертобы «жақсы-жаман», «кәрі-жас», «бай-кедей» т.б. деген тақырыптар бойынша жіктеледі.
7. Академик Ә. Қайдар көп жылдан бергі ізденуі нәтижесіде этнография мен лингвистика ғылымдарында қолданылып жүрген топтастыру принциптерін ескере отырып,қазақ тілінің өз ерекшеліктеріне сәйкес, «Табиғат-Адам-Қоғам» деген идеографиялық классификацияны ұсынған еді.соңғы аталған принцип ағылшын және қазақ тілдеріндегі мақал-мәтелдердің этнолингвистиклық ерекшеліктерін ашуға қолайлы.
Этнолингвистиканың пәні, зерттеу нысаны, мақсат-міндеттері тәрізді мәселелер отандық және шетел ғалымдарын ойландырып келгені белгілі.Олар тарапыенан берілген сипаттамалар кейде бір-біріме ұштасып,бірін-бірі толықтырып отырса,кей тұста ауқымын,қолданыс аясын тарылтып,екіұшты пікір қалыптастыратындығын да жоққа шығаруға болмайды.Енді солардың бір-екеуіне тоқталып өтейік.
Британ энциклопедиясында берілген анықтама:
"Ethnolinguistics, that part of anthropological linguistics concerned with the study of the interrelation between a language and the cultural behavior of those who speak it» Қазақшасы: Этнолингвистика — тіл мен сол тілде сөйлейтін халықтың мәдениеті арасындағы арақатынасты зерттейтн антропологиялық тіл білімінің саласы.
Этнолингвистика — гректің ethnos (халық,тайпа) және лингвистика деген ұғымдарынан туындайтын,оның мәдениетке қатысы тұрғысынан зерделейтін әрі линвистикалық,этномәдени және этнопсихологиялық факторлардың бітек қайнаса келіп,тілдің қызметі мен дамуына тигізетін әсерін зерттейтін тіл білімінің саласы.Кең мағынада этнолингвистика-мәдениеттің,психологиясының,мифологияның қарқын лингвистикалық әдістердің көмегімен зерттейтін күрделі ғылыми арна.
Қазақ этнолингвистикасын дербес пән ретінде қалыптастырып, бағыт-бағдарын айқындау, одан әрі дамыту жұмыстары академик Ә.Қайдардың есімімен тығыз байланысты.Оның қазақ тіл біліміндегі жас әрі жаңа сала екенін айта келіп,мақсаты мен нысаны жөнінде: «Бұл ғылым саласының кереметтігі де,бүгінгі таңдағы ғылыми-практикалық маңызы да-оның монолиттік тұтастығында,бір-біріне етене жақын,тіпті бірінсіз бірін толық түсінуге болмайтын нысан екендігінде.Ол нысан-этнос және оның тілі.Өйткені тілсіз-этнос,этноссыз-тіл өмір сүре алмайды. Этнос пен оның тілін этнолингвистика тұрғысынан қарастыру дегенсөз оның сол балаң кезеңінен есейгенге дейінгі болмысы мен өмір тіршілігін,дүние тануы мен мәдени,рухани байлығын ана тілінде сақталған фактілер мен деректер негізінде зерттеп білу және оларды бүгінгі таңның игілігіне асыру болып табылады»-дейді.Тілдік бірліктерде көрініс тапқан материалдық және рухани мәдениет мәселелері,сондай-ақ М.М.Копыленко,Е.Жанпейісов,Н.Уалиев,Ә.Ахметов, Ж.Манкеева, С.Сәтенова,С.Смағұлова, Ғабитханұлы т.б. қарастырылған.
Этнолингвистика саласының қазақ және ағылшын тіл білімінде қалыптасуына, зерттелуіне салғастырмалы шолу жасай отырып,оның,әсіресе,отандық тіл білімінде кеңірек ауқымда қарастырылып,ұлттық материалдық және рухани мәдениетке байланысты бірқатар мәселелердің басы ашылғандығы айқындалды.
Ағылшын тілінде халық арасында жиі қолданылатын "Good manners make the man"(с.с.а:Адамды адам ететін оның әдептілігі),You sit by a worthier man than thyselfs art one,Suffer him first to touch the meat т.б.
Үй-жайға, отбасына қатысты ММ-дердің этнолингвистикалық уәжі.
Қай халық болмасын,адамзат үшін үйдің алатын орны ерекше.Зерттеу барысында осы тақырып аясына жататын ММ-дердің екі тілде де көптеп кездесетіндігі байқалады.Мысалы ағылшындар «My house is my castle» (с.с.а.:Өз үйім-қорғаным) десе,қазақ халқы «Өз үйм-өлең төсегім» деп.оған бейнелі түрде ерекше сипат береді.
Тарихи деректерге сүйенсек, ежелгі ағылшын баспаналары қорғаныс үшін аса мықты болмаған және Англияда қорғандардың салына бастауы 1066 жылғы қаһармандар басқыншылығымен байланысты.Жергілікті халық қаһарынан қауіптенген нормалар «түнгі ұйқы кезінде бауыздап кетпеуі үшін мықты баспана керек» деген ұйғарымға келіп,батпақтан үй салып,ағаштан мұнаралар тұрғыза бастаған.Бұларды балшықтан жасалған биік қабырғалармен қоршап немесе айналдыра ор қазатын.Демек,өзге халықтарға тән тарихи қалыптың,дәстүрдің жергілікті халықтарға сыналап енуі,үйдің ассоциативті түрде қорғанға балануы «My house is my castle » тәрізді тұрақты тіркестердің тілде қалыптасуына негіз болған деп ойлаймыз.
Ал, "өз үйім - өлең төсегім" тұрақты тіркесіндегі "өлең" лексемасына Э.В.Севортянның сөздігінде берілген анықтама бойынша аталмыш тілдік единица түркі тілдеріне моңғол тілінененген кірме сөз,«сулы,сазды жерде өсетін шөп;нәрлі,жұғымдылығы шамалы,жұмсақ шөп» деген мағынаны білдіреді.Қазіргі таңда бұл бейнелі орам «Біреудің байлыққа толы кең сарайында қысылып,қымтырылып отырғаннан гөрі өзіннің қарапайым,жұпыны төрінде көсіліп жатқанға не жетсін» деген ұғымда қолданылады.
Гендерлік қатынасқа байланысты этнолингвистикалық уәжі.
Адам өмірінде отбасының алатын орны ерекше, себебі ол шағын мемлекет іспетті.Осы шағын мемлекетте әйелге артылар жүк те,жауапкершілік те айтарлықтай.Қазақтың құтты босағасында ер адам-ортағасы,үйдің қожайыны,алайда,үй ішінің бүкіл тауқыметі,тұрмыс-тіршілігі,бала тәрбиесі,әдеп пен әдет,рухани қарым-қатынас т.б. барлығы әйел адамдық құзіретінде.Ағылшын және қазақ тілінің паремологиялық қорындағы әйелдердің жеке басына қатысты мақал-мәтелдерден әйелдердің қоғамдағы,отбасындағы мәдени-әлеуметтік орнын аңғаруға болады.Солардың бірнешеуіне тоқтала кетейік: A good wife makes a good husband (с.с.а:Жақсы әйел жақсы күйеу жасайды)Қазақ тілінде тәрбиелік мәні зор тіркеске мағыналас келетін бірқатар мақал-мәтелдер бар:
Жақсы әйел жаман еркекті би етеді.
Салыстыра қарастырғанда, халықтар менталитетіндегі ортақ көзқарас, өзара сәйкес ұғым-түсінік,біркелкі ұстаным байқалды.
Жаман әйел жақсы еркектің төрдегі басын көрге сүйрейді,
Жақсы әйел жаман еркектің көрдегі басын төрге сүйрейді.
Жоғарыдағы "алған әйелің жақсы болса, елге сыйлы етер" деген ұғымды білдіретін қазақ мақалында айтылар ой төр мен көрді салыстыру арқылы жеткізілген.Қазақ халқының когнитивтік санасында «төр»-тек қазақ үшін ең қастерлі,сыйлы орын.
Зерттеу барысында ағылшын және қазақ қоғамдастығында әйелдер дәрежесін ер адамдардан сәл төмендетіп көрсететін стереотиптің,пайымдаудың орын алғандығын білдіретін ММ-дердің жиі кездесетіндігі байқалды.Мысалы,ағылшын тілінде «The death of wives and the life of sheep make her husband rich»(с.с.а:Әйелінің өлімі мен қойдың өмірі ер адамды бай етеді);Women have no souls (с.с.а:Әйелдердің жаны жоқ)«Башпал жүйрік парқы жоқ,қатын шешен,нарқы жоқ»,«Әйелдің ишшы ұзын,ақылы қысқа» мақал-мәтелдері белгілі бір заман кезіңдегі әйел адам дәрежесінің көрсеткіші іспеттес.Көне заманнан қалыптасқан қазақтың ата дәстүріндей Англияда да орта ғасырларда балаларының үйлену,ұлына тұмысқа шығу арқылы материалдық жағдайын түзеп,қоғамдағы алатын орнын жақсартуға мүмкіндіктер туындайтын.Жоғарыдағы «The death of wives and the life of sheep make her husband rich» мақалы өз заманындағы материалдық,рухани дүниенің тілдік бейнесі болып табылады,яғни көне дәстүрдің тілдегі көрінісі іспеттес.
Сондай-ақ, 1918 жылдан бастап жасы отыздан асқан әйелдердің кейбіріне сайлауда дауыс беруге құқық берілді және ағылшын әйелдердің басым кемшілігі үй шаруасымен айналысты немесе жұмысшы,қатардағы қызметкер болды.Жоғары лауазымды қызметкер әйелдердің саусақпен санарлықтай болуы және оның биік дәрежеге көтерілуінің қисықсыз өрескел болып танылуы «Women in state affaire are like monkeys in glass shops»(с.с.а:Үкімет басындағы әйелдер айна сататын дүкендегі маймылдарға ұқсайды)бейнелі тұрақты орамнан айқын көрінеді.
Байырғы ағылшын қоғамдастығында қалыптасқан әдептілік дағдысы бойынша, тұрмысқа шықкан әйел ерін өзінің қожайыны ретінде қабылдауы тиісті.Бұған бой ұсынбаған әйел соққыға жығылатын.1891жылға дейін ерлерінің «ер адамның бас бармағынан жіңішке» әйелдерін ұруларына,егер қаласа бөлмеге құлыптап қоюларына заңды құқықтары болды.«A woman a spaniel,and a walnut-tree,The more you beat them the better they be»(с.с.а:Әйел,спаниель(иттің түрі) және жаңғақ ағашы ұрған сайын жақсарады),«A woman,an asse,and a walnut-tree,Bring the more fruit,the more beaten the be»(с.с.а:Әйел мен есекті және жаңғақ ағашын молырақ ұрған сайын жемісті молырақ береду)тәрізді тұрақты тіркестер жоғарыда айтылған келеңсіз оқиғалардың орын алғандығы жөнінде бұлжытпас тілдік дәлел болып табылады.Қазақ арасында да мұндай жәбірлеулердің болғаны,әлі күнге дейін сирек те болса кездесетіні және оның әдеттегі отбасында болып тұратын елеусіз оқиға ретінде танылатыны мәлім.
Сонымен, гендер категориясына қатысты тұп тамыры теренде жатқан тілдік орамдар екі тілде де молынан ұшырасады.Олар-белгілі бір лингвомәдени қоғамдастыққа қалыптасқан дүниенің тілдік белгісі болып табылады.Дүниенің тілдік көрінісі адам-тіл-мәдениет-өркениет жиынтығын зерделеу арқылы айқындала түседі.
Уақыт өлшеміне қатысты мақал-мәтелдердің лингвистикалық уәжі. Бұл тақырыптық топтағы бейнелі орамдар уақыттың көз ілеспес жылдамдығын,оны босқа өткізіп,өмірді өксітпеуді,алтын мезетті пайдалы іске арнауды уағыздайды.Мысалы,«Time is money»(с.с.а:уақыт-ақша); «Уақыт-білгенге қазына,білмегенге-быламық», «Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық,ерте тұрған еркектің ырысы артық».Туыс емес екі тілдің бірліктері уақытты ұғымды пайдаланып,тыңбай еңбек етсең,мол қазынаға кенелсің деген ұғымды білдіреді.Ағылшын зерттеушілері аталмыш тіркестің қазіргі заман ағымына сай келіп тұрғанымен,көненің көзі екендігін ескертеді және оның алғашқы қолданысын біздің жыл санауымыз бойынша 320 жылдардағы Теопрастус жазбаларымен ұштастырады.
"There is a time for everything' (c.c.a.: Әр нәрсенің өз уақыты бар).Қазақша баламасы:Сабакты ине сәтімен.Бұл ағылшын мақалы қасиетті кітап Інжілдің «To everything there is a season,and a time to every purpose under the heaven»(с.с.а:Аспан астында әр нәрсенің,өр мақсаттың өз мерзімі бар) деген өсиет,өнегелерінен ықшамдалып тұрақты қалыпқа енген.
Салыстыра алғанда, уақыт мағыналық өрісіне енетін мақал-мәтелдердің аздау кездесетіндігі анықталды.
Тілге байланысты мақал-мәтелдердің этнолингвистикалық "Тәрбие басы — тіл",орны мен орайын тауып қолданса,сөзден,яғни тілден асқан ғажап сиқырлы күш жоқ деп білген халық ұрпағын ойланып,дұрыс сөйлеуге баулыған.Зерттеу барысында тілге,сөзге қатысты мақал-мәтелдердің екі тілде де жиі кездесетіндігі байқалды.Мысалы:
Good words cost nothing and are worth much;
Жылы-жылы сөйлесең, Жылан інінен шығады.
Қатты-қатты сөйлесең, Пышақ қынынан шығады; Екі тілге қатысты орамдардың жеткізер ойы бір ғана,яғни адам жанын жадыратар жақсы сөздің құндылығы.Ағылшын мақалында тек жылы сөздің мәні айтылса,қазақ мақалдары қатты сөздің адам жанына әсерін қоса жеткізеді.Бір ауыз қатты сөзді қолға ілген тікенге теңей келіп,сол бір ауыз қатты сөзден пышақ қынынан шығатынын,үлкен дау туатынын ескертеді.
Осы жерде айта кететін жайт, ағылшын мен қазақ мақал-мәтелдерінде айтылатын ойдың кейде орайлас келмей,қарама-қайшы түсетін тұстары да кездеседі.Мысалы,ағылшын тілінде:«Stiks and stones may break my bones,but words will never hurt me»(с.с.а:Таяқ пен тастар менің сүйегімді сындыруы мүмкін,бірақ сөз мені жаралай алмайды)десе,қазақ мақалы керісінше «Таяқ еттен,сөз сүйектен өтеді»,-деген пікірді қалыптастырды.
Еңбекке қатысты мақал-мәтелдердің этнолингвистикалық уәжі. Зерделей қарасақ, мақал-мәтелдер адам баласының бар өміріндегі,тұрмыс-тіршілігіндегі салалардың барлығын дерлік қамтиды екен.Көненің көзі іспеттес тұрақты тіркестер тобы келер ұрпақсыз еңбек етпегеннің ішіп-жемейтінін түсіндіре келіп,оларды еңбек сүйгіштікке,адал еңбек етуге баулиды,жалқаулық,бойкүйездік,жатып ішер арамтамақтықтан бойды аулақ салуға шақырады.
Қонаққа қатысты мақал-мәтелдердің этнолингвистикалық уәжі.
Қонақжайлық - қазақ ұлтының cүтімен еніп,сүйегіне сіңген ұлы дәстүрдің бірі.Өткен ғасырда поляк саяхатшысы әрі зиялысы А.Янушкеевич «Дүние жүзін қазақ жайласа,жер шарын тегін аралап шығар едім»,-деп қазақ халқының қонақжайлылығын риза көңілмен бағалаған екен.Қонаққа қонақ болу үшін оның таныс болуы,міндес,тендес болуы шарт емес,қонақасыны «бөлінбеген еншім» деп тануының өзі кеңінен таралып,дәстүрге айналған халық жорасының бірден-бір көрсеткіші.Алайда «A constant guest is never welcome».Бір күнгі қонақ-күт,екі күнгі қонақ-жұт тәрізді тұрақты тұлғалар жиі келген қонақтың қадірін жоғалтатынын,оған өзі қалағандай құрмет көрсетілмейтінін бейнелі түрде жеткізеді.Екі ел мақал-мәтелдерін талдап-тарату барысында алыс жатқан,салт-санасы.әдет-ғұрпы ,тілі-діні әр басқа халықтардың айтайын деген ой-тұжырымы,көзқарасы мен өмірлік ұстанымдарының өзара сәйкес келіп жататындығы анықталды.Мұның сыры өмірдің өзінде,адамзаттың көріп-біліп,көңілге түйген ойында,өмірден алған тәжірибесінде жатс керек.
Ақша, қаражатқа байланысты мақал-мәтелдердің этнолингвистикалық уәжі.Қазақ және ағылшын тілдерінде ақша-қаражат жайлы мақал-мәтелдер де кездеседі.Мысалы, «Take care of pence and the pounds will take care of themselves»(с.с.а:Пэнсті үнемдеп ұстасаң,фунт өз-өзін үнемдейді).Теңге тиыннан өсер,жылқы құлыннан өсер;Береке бір тиыннан.
Ағылшындар фунт пэнстен құралады десе, қазақтар теңгенің тиыннан өсетінін ескертеді.Әр елде ақша өлшемі ретінде қабылданған ұлттық валютаның әр түрлі болатыны белгілі.Теңге,тиын-қазақ елінің ақша эвкиваленті.Сонау VI-VIII ғасырларда ру-ұлыс нышандары айшықталған теңгелердің қолданыста болғаны,Отырар,Тараз қалаларында теңгелер шығарған ұстақаналар жөнінде тарихи деректер бар.
2.2.Ағылшын және қазақ мақал - мәтелдерінің этнолингвистикалық сипаттары.
Мақал-мәтелдер — сөздік құрамның халық өміріндегі арқылы кезендерді, қарым-қатынас пен қоғамдық құбылыстарды бейнелей сипаттайтын,көңілдегі ойды шебер де ұғымды жеткізетін,қысқа да нұсқа тұжырым жасайтын,мән-мазмұнға бай белгі.Демек,халық өмір шындығын,көңілге түйгенін мақал-мәтел ретінде өз ұрпағына үлгі-өнеге етіп қалдырып отырған.Аталмыш тілдік бірліктер арқылы жас ұрпақты елін-жерін сүюге,ерінбей еңбек етуге,білім алуға,адал,кішіпейіл болуға үндеп,жалқаулық,өсек-өтірік мақтаншақтық тәрізді қасиеттерден бойын аулақ салуға тәрбиелей білген.
Ағылшын тілінің фразеологиясына қатысты кешенді зерттеулерімен, дәйекті тұжырым, пайымдауларымен танымал А.В.Кунин де жоғарыда аталған ғалымдардың көзқарасын ұстанады,алайда,аталмыш тұрақта тұлғалардың құрылымдық-мағыналық ерекшеліктерін негізге ала отырып,оларды «коммуникативтік фразеологиялық бірліктер» деп атап,жеке қарауды ұсынады.Сондай-ақ автор құрамындағы сыңарлары тура мағыналы болып келетін мақалдар тобын яғгни, «all is well,that ends well»(с.с.а:сәтті аяқталған істің бәрі жақсы) «Appearances are deceptive»(с.с.а:келбет-алқамшы)
"Better late than never" (сөзбе-сөз ауд.: ештен кеш жақсы) тәрізді оралымдарды фразеологиядан тыс, «фразеологиялық емес тұрақты құрылымдар» аясында қарастырды.
Мақал-мәтелдерді жинақтап, сұрыптап, белгілі бір жүйеге келтіруде, тілдік бірліктер табиғтының кейбір қырларын айқындауда зор еңбек сіңірген ғалым Пермяков аталмыш тұрақта тұлғалардың тілші ғалымдар тарапынан да,әдебиетші мамандар тарапынан да зерттелуі қажеттігін ескертеді.
Осы "келтірілген ой-пікірлерге және өзіндік зерттеу нәтижелеріне сүйенер болсақ,мақал-мәтелдердің тұлға тұрақтылығы,тіркес тиянақтылығы,мағына тұтастығы,қолдануға даярлығы тәрізді сипаттары оларды фразеологизмдер қатарына қосып,осы салада зерттеуге толық мүмкіндік береді.
2.3 Қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал - мәтелдердің құрылымдық жэне мағыналылық ерекшеліктері мен ұқсастықтары
Паремиология мақал-мәтелдер мен әр алуан қанатты-нақыл сөздерді жан-жақты зерттеуге байланысты пайда болған тіл білімінің дербес те жаңа салаларының бірі.Көркем сөз тәсілдерінің ішіндегі қуаттысы ен құнарлысы болып саналатын мақал-мәтелдер тіл атаулының баршасына тән,өзіндік ерекшелігімен көзге түсетін универсалдық құбылыс.Қазақ тіл білімінде барлық тілдердің екі түрлі қызметін атап көрсетеді:оның біріншісі қоғам мүшелерінің өзара түсінуіне;пікір алмасуына қажетті қатынас құралы ретіндегі коммуникативтік қызметі де,екіншісі-өмір шындығын,барлық болмысты өзінде бейнелеп көрсету қызметі .Мақал-мәтелдердің табиғатына тән қасиет тілдің осы екінші қызметіне байланысты,өйткені олар белгілі бір тілде сөйлеуші халықтың өткен өмірі мен барлық болмысының куәгері успеттес,оның дүниетанымы мен,даналығын бойында сақтап атадан балаға,ұрпақтан-ұрпаққа үзілмей ауысып келе жатқан асыл мұра,рухани қазына болып табылады.
Мақал-мәтелдердің ең бойында поэзияға тән жинақылық, үнділік, саздылық, ұйқас ырғақтылық байқалады.онда басы артық бір сөз болмайды,барлығы өз орнында екшелген,сұрыпталған,жымдаса біріккен,ішкі мазмұнына сыртқы формасы сай үндестік тапқан болып келеді.В.Виноградов мақал мәтелдердің тұрақты сөз тіркестерімен бірге зерттелуі қажет дейді.Өйткені олардың мағыналық бірліктері тұрақты тіркестеріндегідей дәстүрлі,сазды және дайын түрде қолданылады.
Қазақ тілінде мақал-мәтелдердің бәрі негізінен жай сөйлем түріндегі тұрақты сөз тіркестеріне жатады,яғни олар тұлғасы жағынан ұзақ уақыттан бері қалыптасып,белгілі бір формада тұрақталған,мазмұны жағынан біртұтастыққа ие болған жай сөйлем типтері:құрылымы жағынан қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдердің өзара ұқсастықтары жиі кездеседі:
1. Бұйрық райлы сөйлемдер:
Make hay while the sun shines-
Темірді қызғанда соқ.
2)Let sleeping dogs lie –
Жатқан жыланның құйрығын баспа.
3)Cut your coat according to your cloth –
Көрпеңе қарай көсіл.
4)Catch the bear before you sell his skin –
Қашпаған сиырдың ұзынан дәметпе.
5)First think, then speak –
Ойнасаңда ойлап сөйле.
2. Болымсыз түрдегі бұйрық рай, яғни тыйым салу;
1)Never say die – Салық сұрап кетпесін.
2)Don't count your chickens before they are hatced -
Тігілмеген етігіңді мақтама,
Орылмаған етігіңді ақтама.
1)Don’t cross a bridge before you cote it- Байыбына бармай бал ашпа.
2)Don't hallo until you are out the wood –Асатпай жатып,құлдық деме.
3)Don't look a gift horse in the mouth- Алғанды білген-анайы,бергенді білген сыпайы.
4)Don't trouble until trouble troubles you – Жатқан жыланның құйрығын баспа.
3. Шартты райлы сөйлем түрінде:
1)When cat is away, the mice will play- құлан құдыққа құласа,құрбақа құлағында ойнар.
2)If it were not for hope, the heart will break-Үмітсіз шайтан.
4. Болымсыз жай сөйлемдер түрінде:
1)All are not friends that speak us fair –Жалған дос көзіңе мақтар,сырт айналып сойылын сатар.
2)All are not hunters that blow the horn –Мылтық ұстағанның бәрі аңшы емес.
3)All are not thieves that dogs bark at –Ит үргеннің бәрі ұры емес.
Мақал-мәтелдерде халық сөзді барынша үнемдеп қолданады. Тіпті кейде сөз тастап кетіп отырады.Мысалы: «No sweet with out sweat» деген мақалда бастауыш та,баяндауыш та,ал «Ақын-жастан,асыл-тастан» дегенде «Шығады» сөзі қалып қойған.
Мақал-мәтел құрылыс жағынан сырттай ұқсас болып келгенмен, олардың мазмұнды түйіндеуінде,ойды шешуінде өзінжік ерекшелігі байқалады.
Мақалдарда бір-біріне сай қарама-қайшы ұғымдармен нәрселерді салыстырып, шендестіру арқылы ой-пікірді айқындау тәсілі басым болып келеді.
Мысалы:
«It is useful to lock the stable door, when the steed is stolen»
(Ақымақтың ақылы түстен кейін кіреді,ырысы кеткеннің,иті ұры кеткен соң үреді)
«Business before pleasure»
(Еңбектүбі-бейнет,
Бейнеттүбі-зейнет).
«East or West, home is best»
Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
«Great boast, small roast» Сөзге көп-іске жоқ.
«No sweet with out some sweat»
Жылай-жылай жер қазсаң,
Күле-күле су ішерсің.
Мақал-мәтел тұлғасына тән дәстүрлі тұрақтылық (оны паремиология «клише» деп атайды)
Қаншама берік және тіл үшін нормаға айналған стандарт болса да,абсолюттік ұғым емес,ол тілдің тарихи дамуына байланысты,көрші тілдердің әсерінен,сондай-ақ тілдің ішкі даму заңдылықтарына сәйкес,стильдік қолданысқа сөз зерерлеріне сөз саптау шеберлеріне байланысты әртүрлі өзгерістерге түсіп отырады.Бірақ бұл өзгерістер мақал-мәтелдердің жалпы мазмұнына,мағынасына,бүкіл тіркеске негіз дәнекер болып тұрған образ бейнеге беленденуі сан келтіре қоймайды.
Мақал-мәтелдердің осылайша әртүрлі өзгерістерге, тұлғалық модификацияларға ұшырауы салдарынан пайда болған,тіл практикасында бір-ақ рет қолданыс табатын түрлерін инварианттар деп атаймыз.
Инварианттық, өзгерістер авторлық тек өз еркіне, асыл тасты ер қырынан бір көрсетіп құбылта білетін шебердей,мақал-мәтелдердің көркемдік өрнегін,образы мен бейнелеушілік әсерін,эмоция-экспрессивтік қуатын бойында сақтай отыра,пайдаланатын талантына байланысты.
Мақал-мәтел инварианттары бірде олардың компоненттеріне инверсия жасау арқылы, бірде оларды түсіріп,иллипсис түрінде айту арқылы,бірде дербес екі түрлі мақал-мәтелдердің элементтерін өзара шебер қиыстыру арқылы,т.б. жолдармен жасала береді.
1. Компоненттерін өзгертіп айтуғабайланысты инварианттар: «Қырық жұт қырғын болса да ажалды өлер,Қырық қырғын болса да,ажалсыз адам тірі қалар.» деген(М.мағауин)
«A living dog is better than a dead lion»(from the Bible)
"Haslit was unable to appreciate the writer till he was dead-that he thought a dead ass better than a living room»
Мақал-мәтелдердің жеке элементтері ғана сақталатын инварианттар:
«Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам, Есеней оңай түсінді... Қазақ айласының құйрығы бір-ақ тұтам»(Ғ.Мүсірепов)
«The last straw breaks the camel's back» «He can't stand to the last straw»
Компоненттерінің орнын ауыстыруына байланысты инварианттар:
Ақсақ қой түстен кейін маңырайды.
- Уай, жарандар! Бұл түстен кейін маңырайтын ақсақ қой дейсіңдер ғой.(М.Әуезов,Абай жолы 1-том,82-бет)
"All is not gold that glitters"
It will be an age not, perhaps, of gold but at least of glitter(Arnold “The English Word”)
Мақал-мәтелдерден біз белгілі бір халықтың этнос болмысын, оның рухани-заттық қазақ мақал-мәтелдері мал шаруашылығына, саятшылық-құс баптауға, кей кездері егіншілікке балаған
Мысалы:
1)«The rotten apple injures its nature» Шірік алма табиғатын бұзады.
(Бір құмалақ май,бір қарын майды шірітеді.)
2) «Acorns were good till bread was founded» Адамның тоғышарлығына байланысты.
(Тойғанда тоқтының еті топырақ татиды.Қарын тойса,қарта әлем сасиды.)
Айтылған сөздер, үзінділер халықтың көңілінен шығып, кең қолданысқа көз болса бітре-бірте қанатты сөзден мақал-мәтелге айналады.шекспирден алынған кейбір үзінділер қазақ тілінен өз баламаларын тауып жатады.:Brevity is the soul ofwit-Аз сөз алтын.
Rieh gifts are poor when givers prove unkind –
Ғайыптан тапқан алтыннан ақсақал берген бата артық, қайыры жоқ жақыннан жаңа жат артық.
«A little learing is dangerous
To err is human
To err is human
Who shall deeide
When doetors disagree»
Шала оқу қауіпті
Жол білмеген адастырады,
Жөн білмеген шатастырады.
Жаңылмас тұяқ Жоқ.
Ауру азайса, тәуіп ауырады.
деген сөздерде де дәл аударылады.
Тілі бар халық, халық,
Тілі жоқ халық-балық.
Талап, еңбек тереңой,
Қанағат, рақым ойлап қой,
Бес асыл іс, білсеңіз.
Адасқанның алды-жөн,
Арты-соқпақ. Абай
Ағылшын ауыз әдебиетінде көп кездесетін кейіпкерлер мақал-мәтелдердерден өз орындарын тапқан.
«A good Jack makes a good Jill»
Жақсы әйел жігітке біткен бақ,
Жақсы жер, жайлы
қамыс алтын таң.
Жақсы әйел теңі жоқ
жолдас, түбі жоқ сырлас.
«Jak off all trades and master of none»
Аузымен астау шапқан,қолымен жаңқа жара алмас.
Қай халық болмасын, билікпен байлыққа сүйенген абырой-атақты мысқылдап отырған.Ағылшын тілінде бұл қаһарлы Цезарьдың атымен байланыстырылса,қазақ әдебиетінде бай-болыстарды мысалға келіп еді.
«Ceaserfs wife is above suspicion»
Аузы қисық болса да,бай баласы сөлесің.
Әр халықтың тәлім-тәрбиеге байланысты мақал-мәтелдері сол халықтың менталитетінен хабар береді.
«Leopard can not change his spots» Жолбарыс өз дақтарын өзгерте алмайды.
«As hungry wolf» Аштық ас талғатпайды
Қазақ халқы отбасы тәрбиесіне, ұрпақ тәрбиесіне, ата-ана құрметіне, қыз
Like father, like son Үлы әкесіндей
Әкегеқарапұл
Шешеге қарап қыз өсер.
Кейбір мақалдардың баламалары жоқ.
Мысалы: Қызға қырық үйден тыю,
Қала берді, есіктегі күңнен тыю, Ұлыңды басқа үйден тойғызба,
Қорытынды
"Қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдердің лингвистикалық және этнолингвистикалық сипаты"деп аталған тарауында мақал мен мәтелге анықтама беріліп,өзара ортақ тұстары және айырмашылық айқындалды.Сондай-ақ,зерттеу нысаны болып отырған тұрақта тұлғалардың коммуникативтік,кумулятивтік қызметіне әлеуметтік мәні мен қайнар көздеріне сипаттам берілді.Қазақ және ағылшын тілдері бойынша мақал-мәтелдер зерттеуге арналған ғылыми еңбектерге жалпылама шолу жасалып,аталмыш тілдік бірліктерді топтастыру ұстанымдары айқындалды.Этнолингвистика ғылымының бастау алуы,қалыптасу кезеңдері,қазақ және ағылшын тіл білімінде зерттелуі де осы тарауда баяндалады.
Мақал-мәтелдер — халық тарихы, оның әлеуметтік тіршілігі, ақыл-өнегесі, даналығы мол көрініс тапқан ой дәлдігімен,ықшамдығымен ерекшеленетін тілдік бірліктер болып табылады.
- мақал көп жағдайда үлгі, өнеге, өсиет айтуға құрылады.Ал мәтел,сөз тіркесі,қалыптасқан нақышты орамды сөйлемше түріне келіп,көңілдегі ойды емеурін арқылы жеткізеді және нақты тұжырым,қорытында пікір жасалмайды;
- ағылшын тіл білімінде мақалмен мәтелдің ара жігі нақты ажыратылмай,біртұтас тұрақты тіркес ретінде қарастырылады.
- мақал-мәтелдер өзге тұрақты сөз орамдарына (қанатты сөз, нақыл сөз,т.б.) қарағанда,тұлға жағынан ықшам,мазмұны жағынан тұтас,әмбебап болады;
- мақал-мәтелдердің тұлғасының тұрақтылығы мен тілде бұрыннан «дайын» материал ретінде қолданылатын сипаттары оларды фразеологизмдерқатарына қосып,осы салада зерттеуге толық мүмкіндік береді;
-этнолингвистикамен лингво-мәдениеттанудың жалпы тіл білімінде нақты сала болып қалыптасқан тұсында мақал-мәтелдердің тілдік сипатын сараптап қана қою жеткіліксіз,олардың ұлттық ерекшеліктерін этнолингвистикалық сипатын ашу-бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі;
- мақал-мәтелдердің этнолингвистикалық табиғатын айқындауда «Табиғат – Адам-қоғам» деп аталған үш бірлестікті қамтитын идеографикалық классификация тиімді;
- бірқатар қазақ және ағылшын макал-мәтелдерінің құрамы мен құрылымы және мағынасы тұрғысынан өзара сәйкестіктері байқалды,абсолютті эквивалент,яғни теңбе-тең балама түрлері де кездеседі;
- ағылшын мақалдары көбіне бір сөйлемнен ғана құралса, қазақ мақалдарының басым көпшілігін екі,не бірнеше тармақты болып келеді.Қазақ мақал-мәтелдеріндегі айтылар ойдың басқа бір жағдай,не құбылыспен салыстырыла жеткізуін тілдік ерекшеліктер санатына жатқызуңа болады;
- кейбір қазақ мақал-мәтелдерінің күн дерегі қазақ қоғамында қалыптасқан билер институтымен,яғни Майқы,Төле,Әйтеке есімдерімен,Абай,Ыбырай,Жамбыл т.б. шығармаларындағы мазмұнды сөз үлгілерімен өоғам қайраткерлерінің қанатты сөздерімен,жұмбаұтар және діни мазмұндағы шығармалармен тығыз байлансты.
- ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдердің құрамында елді-мекендердің, атаулары мен кісі есімдері жиі кездеседі;
- туыс емес тілдердегі бірқатармақал-мәтелдердің өзара мағыналас болып келу қазақ және ағылшын халықтарының өмір тәжірибесінің,көзі етіп,көкейіне түйген ой-тұжырымдарыны қазақ және ағылшын халықтарының өмір тәжірибесінің,көзі етіп,көкейіне түйген ой-тұжырымдарының ұқсастығымен,астастығымен байланысты;
- тіл-тілдегі макал-мәтелдер әрбір халықтың тұрмыс-тіршілігі, дүниетанымы мен әдет-ғұрпы,салт-дәстүрі жөнінде ақпарат көзі,яғни дүниенің тілдік бейнесі болып табылады;
- әртектес тілдердіңмақал-мәтелдерін салғастырмалы түрде зерттеу жұмыстары жалпытіл білмін теориялық тұрғыдан соны тұжырымдармен толықтыра түседі және кейбір практикалық мәселелрдің шешімін табуына септігін тигізеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Иностранные языки в школе /2005/
2. Мақал – мәтелдерде ағылшын сабағына қолдану// Иностранные языки
3. Smith W. С, Сowie А.Р., Маскіn Rаnd Мс.Саіg
4. Жүсіпова Р.Б. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі мақал –
5. Аргингазина Ш.Б. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістікті фразеологизмдердің
6. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістікті фразеологизмдердің синонимдігі// АГУ
7. Ағылшын – қазақ тілдеріндегі кейбір ұқсастықтар туралы //
мектебі – 2001, N 3
8. Ағылшын – қазақ тілдеріндегі сөздіктер, 2001
9. Адамбаев Б. Ағылшын және қазақ мақал – мәтелдерінің
10. Словарь употребительских английских пословиц//Москва-1985
11. Иманбаева К. Мақал-мәтелдерді қолдану//Ағылшын тілі мектепте,
2006,№ 3
12. Жабықбаев М.Қ. Мақал – мәтелдерді ағылшын сабағында
пайдалану//Қазақстан мектептеріндегі шетел тілдері// № 3, 2005
13. Кеңесбаев I. - Қазақ тіл білімі туралы зерттеулер.-
14. Копыленко М.М., Попова З.Д. Очерки по
15. Сәтенова С. Қазақ тіліндегі қос тағанды фразеологизмдердің
16. Айтбаев Ә.Ө. «Аудармадағы фразеологиялық құбылыс» - Алматы:
17. Современный русский язык.(Под ред. Д. Э. Розенталя)- М.:
18. Сәрсенбаев Мақал – мәтелдердің аударылуы//Алматы-1998-177
19. Бейсенов Қ. Қазақ топырағыңда қалыптасқан ғақлиятты ой
20. Морозова Л.А. Художественные формы пословиц //
21.А.В. Кунин Мақал – мәтелдердің құрылымдық-мағыналық ерекшеліктеріндегі "коммуникативтік фразеологиялық
22. Пермяков Г.Л. Пословицы и поговорки народов Востока. Москва:
23. Ақбердиева Б. Лексика-фразеологиялық жүйедегі мифтік-танымдық құрылымдар: Канд. дисс.
24. Мұқанов М. Ақыл-ой өресі. Алматы: Қазақстан, 1980.
25. Ахманова О.С., Гюббент И.В. Вертикальный контекст
26. Ерназарова 3. Сөйлеу тілі синтаксисінін прагмалингвистикалық аспектісі.
27. Сәдуақасов Ж. Қазақ тіліндегі бір құрамды сөйлемдер.
28. Қазақ тіліндегі жай сөйлем түріңде келген мақал-мәтелдердің кұрьгльімдық
29. Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің варианттылығы // Тіл деңгейлері және
30. Мақал-мәтелдердің көркем шығарма тілінде берілуі // Мәдениетаралық коммуникация
31. Фразеология және мақал-мәтелдер // Қазақ тілі мен әдебиеті.
32. Қазақ мақал-мәтелдерінің жасалуыңдағы этнолингвистикалық уәждері//Түркітану мәселелері: бүгіні мен
33. Қазақ макал-мәтелдерінің логика-семиотикалық және прагматикалық сипаты // Тілтаным-Языкознание.
34. Ағылшын-қазак мақалдарының салыстырмалы сараптамасы // Мир языка. Н.
35. Ағылшын-қазақ мақалдарының этнолингвистикалық ерекшеліктері // Мир языка. "Аударманың
36. Қазақ мақал-мәтелдерінің зтнолингвистикалық сипаты// Мир Языка. Казақстан тәуелсіздігінің
37. Кісі есімдері мен мекен атауларына қатысты макал-мәтелдердің этнолингвистикалық
38. Гендерлік қатынасқа байланысты мақал-мәтелдердегі этнолингвистикалық мотивтер // Тіл
39. Табиғат кұбылыстарына байланысты ағылшын және қазақ мақал-мәтелдері //
гуманитарная. Алматы, 2003. 189-191 бб.
40. Қазақ макал-мәтелдерінің этнолингвистикалық сипаты //Вестник КазНУ им. Аль.
41. I.V.Arnold, «The English Word», Мәскеу «Высшая
42. Ә.Қайдар, Қазақ тілінің өзекті меселелері, Алматы, «Ана
43. Ө.Тұрманжанов. Қазақтың
44. А. Нысаналин.
45. Ә.Есентемірова, Тілашар, Алматы «Қазақ энциклопедиясы», 1992 жыл, Беттері
Достарыңызбен бөлісу: |