Біресе бәсең, біресе қатты, әртүрлі
қарқынмен қол
шапалақтау.
Барлық саусақтарды бір шымшымға жинау (сау-
сақтар бірге жиналды – қашты).
Жіпке ірі түйме, кішкентай шарлар, моншақтар
өткізу.
Қалып жіпке, бауға түйін байлау.
Түймелерді түймелеу, ілгектерді ілу, сыдырмаларды
сыдыру, қақпақтарды бұрау, механикалық ойын-
шықтарды қосу.
Бұрандалар бұрау.
Құрастырғыштармен, мозаикамен, текшелермен
ойнау.
«Матрешка»
ойыншығын бір-біріне салу, бір-бірінен
шығару.
Ендірмелермен ойнау.
Ауада сурет салу.
Құммен, сумен ойнау.
Қолмен
поролон шарларды, ысқыштарды мыжу.
Сурет салу, бояу, сызықпен түрлеу.
Қайшымен кесу.
Әртүрлі құралдармен сурет салу (қаламмен, қарын-
дашпен, бормен, түрлі-түсті бормен, акварь, гуашь
бояуларымен және т.б.).
Балаңызбен қай жерде жүрсеңіз де: көшеде, балабақ-
шаға
баратын жолда, асүйде, ваннада, ұйықтар алдында,
жол үстінде болсын, білгеніңізді, үйренгендеріңізді
тәжірибе жүзінде қолданып жүріңіз. Есіңізде
сақтаңыз,
шыдамдылығыңыз, мейрімді
және жылы сөзіңіз балаңы-
зға тезірек сөйлеп кетуге сөзсіз көмектеседі.
Бала сөйлей бастайды…
108
Достарыңызбен бөлісу: