БАЛАНЫ МАҚТАП ОТЫРУДЫ ҰМЫТПАҢЫЗ, ЖЕТІСТІКТЕРІНЕ НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! 3 жастан асқан соң, бала серуенде көргенін өзіне көрсетілген
суретті ауызша қысқаша сипаттаумен (2-4 сөйлем) салыстыруды
үйренеді.
Жоғарыда аталғанның барлығы сізге балаңыздың тілі қанша-
лықты жетілген екенін білуге көмектеседі, бірақ, есіңізде бол-
сын, әрбір бала – жеке тұлға, сондықтан, әр баланың тілі өзіне
сай қарқынмен дамиды.
Бәлкім, жоғарыда айтылғандар кейбір ата-аналарға тым қа-
рапайым болып көрінетін шығар – балаңыз айтылғандардың
көпшілігін біледі және әлдеқашан үйреніп алған. Ал басқаларын
керісінше қынжылтуы мүмкін – балаңыз әзірше артта қалып
отыр.
i