міндетті түрде баланың жанында болу шарт емес,
оның қолы жетерлік жерде болу жеткілікті. Ата-ана-
ның балаға бөлетін уақытының саны емес, сапасы
маңызды;
мақтау-мадақтауда, көтермелеуде, құшақтасуда
сараңдық етпеңіз;
ата-анаға өз баласымен дұрыс қатынас құра білу
қажет, бала үшін маңызы бар ересек адамдардың
тарапынан шыққан талаптардың кереғарлығына
жол бермеу қажет. Егер тәрбиелеу және оқыту
талаптары бірыңғай және тұрақты болса, бала
тұрақтылық пен жайлылық сезіміне ие болады,
бала санасында бейберекеттік болмайды. Сонымен
қатар, талап қоярда бірізділік танытыңыз;
балаңыздың жетістіктерін мадақтаңыз, еркелігінің
жетегіне ермеңіз, ұмытпаңыз, бала мінезі өмірінің
алғашқы күндерінен бастап-ақ қалыптасады.
1. Баланың үнемі ересек адаммен тілдесуін ұйымда-
стыру.
2. Баламен іскерлік ынтымақтастық жағдайын жасау,
баланың ойнайтын ойындарына қатысу, баланы
бірлесіп жасайтын әрекеттерге тарту.
3. Іскерлік тілдесу барысында баланы өтініштерін,
тілектерін нақты сөздердің және қарапайым сөй-
лемдердің көмегімен жеткізуге итермелеу. Егер
сіз баланың еркелігіне құлдық ұрмай, оның өз
тілектерін сөзбен жеткізуге итермелей отырып, та-
бандылық танытсаңыз, оң нәтижелерге тезірек қол
жеткізесіз. Бөбек сөйлеуді тілдесу құралы ретінде
белсендірек пайдаланатын болады.
Достарыңызбен бөлісу: