ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН:
1.
Теледидар, бейне-мәліметтер – күтуші емес, яғни,
мультфильмдерді баламен бірге көру керек. Бұл
баламен арадағы эмоционалдық байланысты нығайтады
және күшейтеді, баланың естігенін және көргенін
түзетіп отыруға, сөйлеу белсенділігін қамшылап отыруға
мүмкіндік береді.
2.
Баламен мысқылдап, келемеждеп сөйлесуге болмайды.
3.
Оған үнемі ескерту жасап отыруға болмайды, әсіресе,
болмашы ескертулер.
4.
Баланы ұрсуға және оған айғайлауға болмайды.
5.
Баламен әрдайым сыпайы, ниеттестік қарым-қатынаста
болыңыз.
ҚҰРМЕТТІ АНАЛАР
МЕН ӘКЕЛЕР, ӘЖЕЛЕР
МЕН АТАЛАР, СІЗДЕРГЕ
СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІЗ!
6.
Баланы асықтыруға және
жылдамдатуға болмайды.
7.
Балаға өзін жаман бала етіп
сездірмеу керек, жиі қолпаштап,
мақтап, мадақтап отырыңыз, ол үшін
сізге себептің де қажеті жоқ, ол -
сіздің балаңыз, осының өзі мақтауға
тұрарлық!
96
Достарыңызбен бөлісу: |