6. Арандату немесе баланы әдейі түсінбеу
Мысалы, бала ойыншықтары тұрған сөрені көрсетіп,
сізге жалынып қарап тұрса, ал сіз оған не керек екенін
түсініп тұрсаңыз, оған басқа ойыншық беріп көріңіз.
Әрине, бала сіздің түсінбестігіңізге бұлқан-талқан
болады, бірақ бұл баланы қажетті затты ататуға итер-
мелейтін алғашқы себеп те болады. Баланың дыбыстық
әрленімі дұрыс болсын, бұрыс болсын, сөйлеу бел-
сенділігін кез-келген жағдайда қамшылап отырыңыз,
сөздерді анық айтуын талап етпеңіз. Қиындыққа тап
болса, балаға өтініш жасаудың дұрыс үлгісін айтып
беріңіз: «Сен апаңнан қуыршақ сұрадың ба? Апа, қуыр-
шағымды берші». Бұл тәсіл тек заттарды атауда ғана
емес, сондай-ақ, олармен жасалатын әрекеттерді атауда
да тиімді.
94
Достарыңызбен бөлісу: |