5. Өз-өзімен сөйлесу
Балақай сізден алыс емес жерде болғанда көргеніңізді,
естігеніңізді нақтылап айта бастаңыз. Баяу (бірақ сөз-
дерді созбай), әрі анық, қысқа, қарапайым, бала түсіне
алатын ұғынықты сөйлемдермен әңгімелеңіз. Бала сізге
және сіздің артикуляцияңызға назар аударуын қамтама-
сыз етіңіз
(«Шыны қайда?»,
«Ой, мен шыныны көріп тұрмын»,
«Шыны үстелдің үстінде»,
Шыныда сүт бар»,
Айман сүт ішіп отыр» және т.с.с.)
2. «Ежіктеп айту»
Ересек адам балаға қатысты не болып жатқаны немесе
болатыны жайлы барлық өз әрекеттерін ежіктеп айтып
береді («қазір біз киінеміз», «сен сорпаны қандай күшті
ішесің», «біз қазір қыдыруға барамыз» және т.с.с.).
3. Баланың әрекеттеріне ұқсатып қайталау, сөзбен
жеткізу
«Арман барабанда ойнап отыр. Бам-бам, деп даңғырлай-
ды барабан». «Серік көлік сүйретіп жүр. Зу-зу». «Маржан
доп лақтырды. Домалаң-домалаң етіп доп кетті».
Достарыңызбен бөлісу: