ІСКЕ СӘТ! СІЗДІҢ
ҚОЛЫҢЫЗДАН
КЕЛЕДІ!
Бала алдымен тыңдап, артынша қайталауға тырысуы мүмкін.
Дыбыстарды бірден таза айтуын талап етпеңіз: артикуляция
аппараты бірте-бірте және дербес тәртіпте дамиды.
Балаға қарама-қарсы отырып, келесі сөздерді айтқанда, сипат-
талған әрекеттерді жасаңыз.
Бала алдымен көреді, сосын қайталауға тырысады.
Тіл серуенге жиналды: (ауызыңызды ашыңыз).
Ол жуынды, (тілдің ұшымен тез үстіңгі тістердің бетімен
жүріп өтіңіз).
Таранды, (үстіңгі және астыңғы тістер арасында тілмен
жүріп өтіп, алға шығарып, қайта кіргізіп, тығып қойыңыз).
Жан-жағына қарады, (тілмен ерніңізді
жалап өтіңіз).
Оңға, солға көз салды,
(тілді аталған жаққа қарай
бұрыңыз).
Төмен құлады, жоғары
өрмеледі, (тілді төмен
түсіріп, жоғары көтеріңіз).
Бір мезетте жоқ болды
(тілді ауыздың ішіне
тығыңыз).
Ұмытпаңыз, бөбек сіздің әрекеттеріңізді айнадан көріп
тұрғандай қабылдайды, сондықтан, «солға» дегенде, тілді оңға
бұрыңыз және керісінше. Мәтінді үнтаспаға жазып қоюға
болады, сонды сіз бұл жаттығуды балаңызбен бірге бар
зейінмен орындайтын боласын.
Баланы көңіл-күйі жақсы болғанда ойнатыңыз. Бәрінен де
жаттығуларды айнаның алдында тұрып жасаған дұрыс, деген-
мен, оларды серуендегенде, түскі ас ішкенде (ерінді, табақты
жалау, тілді мұрынға жеткізу және т.б.),
емханада кезекте тұрғанда, автобуста,
жалпы кез-келген жерде жасай аласыз.
Ол үшін көп уақыт та, көп күш те керегі
жоқ. Бала есейе түскен сайын жат-
тығулар да күрделене түседі.
90
Достарыңызбен бөлісу: