Жақсы ата-ана болуды үйренеміз айдан жасқа дейін қуан, СӘБИ!


ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН



Pdf көрінісі
бет110/229
Дата06.02.2022
өлшемі6,55 Mb.
#81640
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   229
Байланысты:
Публикация на каз

ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН
ТІЛ ДАМЫТУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ 
12


Уақыт өте келе балаға тілімен ойнауды және түтікшеге (сыбы-
зғыға, ысқырыққа және т.б.) үрлеуді үйретіңіз.
Бала біраз есейгенде сөйлеу аппаратын жаттықтыру үшін 
арнайы ойын-жаттығулар жасай бастаңыз (бір жарым жастан 
бастап). Жаттығу жасағанда қажетті сөздерді баламен бірге 
қайталаңыз.
Са-са-са, ызыңдайды маса,
Жу-жу – қане ыдыс жу, 
Бом-бом-ботақан, бері келші, қошақан,
Лау-лау-лау, желбірейді жалау,
Ра-ра-ра, жан-жағыңа қара,
Ер-ер-ер, менің соңымнан ер,
Маң-маң басқан, маң басқан,
Шудаларын шаң басқан.
Бастапқыда әртүрлі дыбыстарды айту, соның ішінде, тілдік 
емес: пысқыру, зіркілдеу, шиқылдау және т.с.с. өте маңызды 
(балалар мәз-мейрам болады). Дыбыстарды әсірелеп (арнайы 
баса): ауызды кең ашып, ерінді созып айтыңыз, бала, мәселен, 
«ку-ку» дегеннің «қо-қо» дегеннен қандай айырмашылығы бар 
екенін көрсін.
Жалпы нағыз әртіс болыңыздар, қиялға беріліңіздер. Тіпті екі 
апталық нәрестеге серуенге шығарда киіндіріп жатып сиыр қа-
лай мөңірейтінін, әтеш қарай шақыратынын, ит қалай үретінін 
айтып берсеңіз, дән-риза болады. Өзіңіз білетін барлық
жануарларды атап шыққанша бала да киіндірулі. Осының бар-
лығы - алғашқы артикуляциялық жаттығулар, әрі есту қабілетін 
де керемет дамытады. Бірақ жаттығуларды мәнерлеп, әртүрлі 
дауысқа салып жасау керек.
89


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   229




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет