-Бақа, бақа балпақ,
Басың неге жалпақ?
-Темір телпек
көп киіп,
Басым содан жалпақ.
- Бақа, бақа балпақ,
Көзің неге тостақ?
- Көрінгенге көп қарап,
Көзім содан тостақ.
- Бақа, бақа балпақ,
Бұтың неге талтақ?
- Су ішінде көп жүзіп,
Бұтым содан талтақ.
Пұшау, пұшау, қоңырым,
Қулық білмес момыным,
Дөң маңдайды, көзіңді,
Ұнатамын өзіңді.
Жүнің де әйбат жібектей,
Мүйіз де өсер жыл өтпей.
Қос
құлағың салбырап,
Мазаны алма маңырап.
Шыр-шыр еткен торғайды,
Қорғамасаң, болмайды.
Кіп-кішкене торғайлар
Ағаштарды қорғайды.
Таспен атып торғайды
Ұя бұзған оңбайды.
Құс өкпелеп кетеді,
Бақшамызға қонбайды.
Шөре-шөре, лағым,
Тентек болма, шырағым!
Секектеме, деміңді ал,
Селтеңдемей құлағың.
Тарпаң - тарпаң тайлағым,
Ботақаным, маймағым.
Қара - көзің мөлдіреп,
Жібек жүнің
желбіреп
Желк - желк етіп желесің
Енеңе еріп келесің.
Әукім-әукім, әукешім!
Қасиыншы әукесін.
Енең әне келеді,
Ақ мамасын береді.
Құлыным, құр-құр, құлыным,
Қасыңа жақын барайын.
Желбіреп тұрсын тұлымың,
Жалыңды күлте тарайын.
Құлыным, тыр-тыр, құлыным,
Елеңдеп бекер үрікпе.
Бекіді берік буының,
Көрейін бір сәт мініп те.
Томпаң - томпаң торпағым,
Шошаладан қорқағым,
Сүзісуге батырым,
Жарысуға шорқағым.
Әукім, әукім, сиырым,
Мүйізінің сүйірін.
Шүйгін
жерге келгелі,
Шығып қапты бүйірің.
84
БАЛАНЫҢ АЛҒАШҚЫ
СӨЗДЕРІ ҚАНДАЙ?
11
Т
аңертегілік жаттығудың пайдасы туралы баршамыз
білеміз: балақай бірнеше қарапайым жаттығу жасаса
– күні бойы сергек, әрі көңілді жүреді. Бірақ тіл дамыту
жаттығуының пайдасы туралы білетіндер аз. Айтпақшы,
дәл осындай «ауызған арналған жаттығу» дауыс ырғағын,
сөйлеу мәнерлілігін және тіпті тіл табыса білу қабілетін
жақсы машықтандырады!
Әрі ол қарапайым және көңілді,
себебі, әр жаттығу қызықты ойын сияқты.
Сабын көпіршіктерін шығару немесе стақан ішіндегі
түтікше арқылы «бүлкілдеу» бала үшін тіс тазалау сияқты
пайдалы екенін кім білген? Тыныс алу жаттығулары тіл
дамуына септігін тигізеді, дыбыстардың дұрыс айтылуын
қалыптастырады, сонымен қатар, бала
ағзасын керемет
нығайтады.
Тыныс алу жаттығуларын жасау барысында баланың
ерніне жіті көңіл бөліңіз. Ерін түзу түтікше түрінде жиы-
рылуы тиіс, қос ұрт бірқалыпты томпиюы және орнына
келуі тиіс. Дем алу мен дем шығару үдерісін қол және
аяқ қимылымен үйлестірген өте пайдалы.
Көбінесе балалар іркіліп, ауық-ауық тыныс алады,
оларға терең дем алу, дем
алу мен дем шығаруды
мұрын және ауыз арқылы кезектестіру қиынға соғады.
Бұл дұрыс және мәнерлеп сөйлеуге кедергі келтіреді.
Ол олқылықты сөйлеу кезінде тыныс алу жаттығулары
түзете алады:
Балаға ертегі, тақпақ айтып бергенде, мысалы, әңгіме
жел туралы болса, баланы үрлеуге үйретіңіз, бетіне
үрлеңіз; уақыт өте келе ол сізге еліктей бастайды. Кейін
сіз оның үрлеуін өтініп ойнауға болады: балаға кішкен-
тай селдір мақта шөкімін беріңіз, бұл қар, жел
соққанда
ол ұшады деп түсіндіріңіз, үрлегенде ауызбен, ерінді
домалақтап, бірқалыпты үрлеп, демді ішке мұрынмен
тарту керек.
86
Достарыңызбен бөлісу: