Алғашқы (былдыр) сөздердің пайда болуына ықпал ету үшін баламен ертегі-ойын ойнап көруді ұсынамыз. Ересек адам сөйлегенде толық сөздерді пайдаланып,
оларды дыбыстарға еліктеумен сүймелдеуі тиіс, мысалы:
«Атпен шапқың келе ме - шүу- шүу?», «Балақай ұйықтап
жатыр - әлди-әлди/а-а-а». Бәлкім, балаңыз жаңбырды,
қарғаны және әткеншекті бірдей етіп айтуы мүмкін
(«қа-қа»), бірақ бұл үш түрлі сөз. Егер мұқият тыңдап
көрсеңіз, бала оларды әртүрлі етіп айтады.
Біраз уақыттан кейін баланың сөздік қорында ересек-
термен айтылған сөздердің қысқартылған және оңай-
латылған түрлері пайда болады, мысалы: «ит/аф-аф/р-
р-р» итті білдіреді. Осы сөздер баланың
сөздік қорында орнығуы үшін олардың
пайда болған сәтін жіберіп алмаңыз, әрі
оларды баламен сөлйескенде міндетті
түрде пайдаланыңыз.
«Үйшік» ертігісі
Міне, үйшік. Шиқ-шиқ-шиқ
(тышқан) келе жатыр: тоқ, тоқ. Кім
бұл?
Мен енді осында тұрамын.
Бақ-бақ (бақа) келе жатыр: Мұнда
кім бар?
- Мен шиқ-шиқ (мен тышқанмын).
Ал сен кімсің?
- Мен бақ-бақ (мен бақамын).
- Кел, бірге тұрайық.
Қо-қо (тауық) келе жатыр: Тоқ-тоқ.
Мұнда кім бар?
- Мен шиқ-шиқ (мен тышқанмын).
- Мен бақ-бақ (мен бақамын)
- Ал сен кімсің?
- Мен қо-қо (мен тауықпын).
- Кел, бірге тұрайық.
Кейіпкерлер қасқыр-
мен, түлкімен, аюмен
кездескенде де сөй-
лемдер осы тәртіпте
құрылады.
Есіңізде болсын,
осының барлығы бала
үшін қызықты және
тартымды болуы тиіс.
Іске сәт!
82