1 жас 6 айында көптеген балалар осыларға ұқсас 30-
50 сөзді үйреніп, оларды айтарлықтай түсінікті етіп
айтады және кенеттен, өз бастамасымен, сондай-ақ,
ересек адамның сұрағына жауап ретінде айтады. Кейбір
алғашқы сөздер олардың ересектермен айтылған «бала-
маларына» мүлдем ұқсамайды, алайда анасы бөбегінің
тілін жақсы түсінеді («ки» – сүйікті ойыншық мысық,
«атя» – кәмпит және т.с.с.)
Барлық балалар, баршаға ортақ (және баршаға түсінікті)
тілде сөйлей бастаудан бұрын, былдырлау кезеңінен
өтеді.
Белсенді (ауызекі) тілді дамыту үшін баламен қарым-қа-
тынаста оңайлатылған (былдыр) сөздер енгізуді жалға-
стыра беріңіз (мысалы, «гу-ли», «аф-аф», «ку-ку» және
т.с.с.), оларды түсіндірме ретінде баршаға ортақ сөз-
дермен бірге қолданыңыз. Бөбекпен
ойын-сабақ өткізгенде немесе
күнделікті қарым-қатынаста ересек
адам асықпай сөйлейді. Баламен
сөйлескенде уақытты созып, ара-
сында кідірістер жасап, айтылған-
ды 2-3 рет қайталау қажет.
А
лғашқы сөздерін кішкентай балақайлар, қыз балалар
да, ұл балалар да, әдетте, 1 жасқа толарда айтады. Ол
сөздер барлық балаларда бірдей: «мама», «апа», «на-на»
және т.б. Буындық құрылымы жағынан ол былдырлауды
еске түсіреді, әрі көбінесе олардың негізінде дыбыс-
тарға еліктеу жатады. бала өзі айтатын сөздер оның жиі
қолданылатын сөздік қорын құрайды. Алайда, шамамен
1 жасында балақай айта алатынынан да айтарлықтай
көп сөзді түсінеді. Бұл сөздер оның аз қолданатын сөздік
қорын құрайды.
1 жас шамасында алғашқы бірнеше сөзді айтып үйрен-
геннен кейін балалар жиі қолданатын сөздік қорын
өте баяу «байытады». Әдетте, бала алғашқы сөздерін
айтқаннан кейін шамамен 6 айға созылатын кезең
болады – мұндай кезеңде балақай өзі үшін аса маңыз-
ды сөздердің аздаған санын баяу меңгереді. Баланың
былдырлаған тілі ересек адамға дәл сол мезетте болып
жатқан жағдайдан ғана түсінікті болады. Мысалы, «қо-
қо» келесілерді білдіруі мүмкін: тауық, кез-келген құс,
жұмыртқа, жұмыртқа жегім келеді; «р-р-р» келесілерді
білдіруі мүмкін: ит, жолбарыс, арыстан, ырылдау, қорқы-
нышты, қорқамын.
80
Достарыңызбен бөлісу: