Жақсы ата-ана болуды үйренеміз айдан жасқа дейін қуан, СӘБИ!


ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ! БАЛАМЕН СӨЙЛЕСКЕНДЕ СӨЗДЕГІ



Pdf көрінісі
бет99/229
Дата06.02.2022
өлшемі6,55 Mb.
#81640
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   229
Байланысты:
Публикация на каз

ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ! БАЛАМЕН СӨЙЛЕСКЕНДЕ СӨЗДЕГІ 
БАРЛЫҚ ДЫБЫСТАРДЫ АНЫҚ ЕТІП АЙТУ ҚАЖЕТ, СОНДА 
БАЛА СӨЗДІҢ ДЫБЫСТЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫН ДҰРЫС МЕҢГЕ-
РУ МҮМКІНДІГІНЕ ИЕ БОЛАДЫ.
76
БАЛАҢЫЗДЫҢ
ТІЛІНІҢ ДАМУЫ
10


i
Қашан көмек іздеу керек:
1. бала толық сөйлемдер құрай алмайды;
2. бала басқа балалармен сөйлескенді ұнатпайды;
3. бала күрделі сөздерден тұратын құрылымдарды игере 
алмайды.
5 жасқа аяқ басқанда балалардың көпшілігі:
грамматикалық тұрғыдан толық сөйлемдер құрайды;
дыбыстарды дұрыс айта алады;
таныс сөздердің мағынасын түсіндіреді;
сипаттаушы сөйлемдер құрайды;
қарапайым есептің шешімін таба алады;
дыбыстар мен әріптерді ажырата алады.
Балаңызға қалай көмектесе аласыз:
балаңызға кітап оқыңыз, оқығандарыңыз туралы сұрақтар 
қойыңыз, әңгімені бөліп-бөліп құрауға көмектесіңіз;
ұзын сөздерді айтуға үйретіңіз;
сөздегі дыбыстарды дұрыс айтуға үйретіңіз.
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ!
Қол қимылын дамыту жұмысы жүйелі түрде жүргізілуі тиіс, сонда 
ғана жоғары нәтиже шығаруға болады. Тапсырмалар балаға қуа-
ныш пен шаттық сыйлап, ойын түрінде өтуі тиіс. Балаңызбен қай 
жерде жүрсеңіз де: көшеде, балабақшаға баратын жолда, асүйде, 
ваннада, ұйықтар алдында, жол үстінде болсын, білгеніңізді, 
үйренгендеріңізді тәжірибе жүзінде қолданып жүріңіз. Есіңізде 
сақтаңыз, шыдамдылығыңыз, мейрімімді және жылы сөзіңіз 
балаңызға тезірек сөйлеп кетуге сөзсіз көмектеседі!
77


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   229




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет