СІЗ БҰЛ ЖАСТА БАЛАҒА ОҚУ-ҮЙРЕНУГЕ ҚАЛАЙ КӨМЕК- ТЕСЕ АЛАСЫЗ: әртүрлі заттар арасындағы ұқсастықтар және айыр-
машылықтар туралы айтыңыз;
балаға өзінің сезімдері мен ойлары туралы айтып жеткізу-
ге көмектесіңіз;
бала айтуға қиналатын сөздерді және дыбыстарды пай-
даланып, оларды қалай айту керек екенін аузыңыздың
қимылымен көрсетіңіз, дыбыстарды анық және түсінікті
етіп айтыңыз;
ұзағырақ әңгімелер оқыңыз және барынша мәнерлеп
оқыңыз;
оқып отырып, бала мазмұнын түсінгеніне көз жеткізіңіз, өз
сөзімен қайталап беруін өтініңіз;
мәтін бойынша сұрақтар қойыңыз.