Логопед сізге:
балаңыздың тілінің даму деңгейін бағалауға көмектеседі;
баланың тек тілдік дамуын ғана емес, негізгі психикалық
қызметтерінің (қабылдау, есте сақтау, зейін, когнитивтік
даму) жай-күйін анықтауға көмектеседі;
көмек стратегиясын жасауға көмектеседі;
логопедиялық бағдарламаға (жекеше немесе топ құра-
мында) енгізуге көмектеседі;
бала жасына сәйкес тек тілін түзету ғана емес, басқа да
психикалық қызметтерді дамытудың қолжетімді әдістер
мен тәсілдері туралы кеңес береді және үйретеді.
БАЛАНЫ МАҚТАП ОТЫРУДЫ, ЖЕТІСТІКТЕРІН АТАП ОТЫ-
РУДЫ ҰМЫТПАҢЫЗ!
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ! Дыбыстарды дұрыс айта алмайтын бала-
ның мектепке барғанда көбінесе жазу пәндерінен үлгерімі
төмен болады: қалай естісе, солай жазады. Егер сіз бес
жасқа енді толатын балаңыздың тілінің дамуына алаңда-
саңыз, уақытты босқа өткізбеңіз! Тұрғылықты мекен-
жайыңызда орналасқан емхананың логопед маманының
кеңесіне жүгініңіз.
78
Достарыңызбен бөлісу: