Осымен шамалас уақытта «галосөйлемше» пайда болады, яғни
бала бір сөзбен бүкіл бір ақпаратты жеткізе алады, мысалы,
балғаны көріп, «әке» дейді. Бұл баланың оларды шатастырып
алғанын білдірмейді, ол тек: «Әкем осы балғамен жұмыс істеді»
деп айтуға тырысып жатыр, демек, сізге оның сөзінің мәнін
түсіну қажет, сонда бала ересектер өзін түсінгенін сезінетін
болады. Ойында да, тұрмыста да баланы екі сөзден тұратын
сөйлемшелер, мысалы: «яя бах» (бөпе құлады), сондай-ақ, екі
не бір сөзден не ишараттан тұратын сөйлемдер қолдануға
ынталандырыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: