Жақсы ата-ана болуды үйренеміз айдан жасқа дейін қуан, СӘБИ!



Pdf көрінісі
бет102/229
Дата06.02.2022
өлшемі6,55 Mb.
#81640
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   229
Байланысты:
Публикация на каз

БАЛАНЫҢ АЛҒАШҚЫ
СӨЗДЕРІ ҚАНДАЙ?
11


Дыбыстарға еліктеу балалардың алғашқы сөздерінде маңызды 
орынға ие – бұл бала тілінің дамуындағы міндетті кезең. Егер 
балақай осы іспеттес «сөздерді» өте аз пайдаланса, ойланып 
көріңіз, өзіңіз осындай сөздерді баламен сөйлескенде қанша-
лықты жиі қолданасыз.
Бала ойынын бақылап отырып, оның «сөйлеу әрекетінің өнім-
дерін» жазып алыңыз:
• 
сөздер (мағынаға ие кез-келген дыбыстар, буындар және 
дыбыстарға еліктеу);
• 
былдырлау (мағынасыз әртүрлі дыбыстар мен буындар).
• 
Былдыр сөздерді пайдаланып, сөздік құрастырып көріңіз (сөз 
– дыбысқа еліктеу):
Барабан – бам-бам-бам. Жарылды – бах, бабах.
Атпен шабамыз – шүу- шүу.
Мысық – мяу-мяу.
Қаз – қаңқыл-қаңқыл.
Бақа – бақ-бақ.
Бер, берші? – бер. 
Ит – аф-аф.
Қарға – қар-қар.
Ұйықта – а-а-а, әлди-әлди.
Балақай үшін бар естігені және алғаш рет кезіктір-
генінің барлығы көрнекі мысалдармен (көрсетумен) 
ілесе жүргені өте маңызды. Балаға өзіне таныс заттарды 
табуын, олардың арасынан бейтаныс заттарды шығарып 
тастауын өтініңіз. Бұл ретте, бейтаныс зат (ойыншық) 3-4 
таныс заттардың арасында жалғыз болуы тиіс, олардан 
ерекше болып көрінуі тиіс (мысалы, үш ақ қоян
және бір қара көбелек). 
Әр ойында және тапсырмада үйренген
сөздерді қайталаңыз (пысықтаңыз) және заттардың 
жаңа атауларын және олармен жасалатын әрекеттерді 
қосыңыз. Алдымен затты сөзбен атаймыз, тек содан 
кейін ғана дыбысқа еліктеу, лептеп сөйлеу, былдырлау 
жүреді. Мысалы, баламен «ұшақты» қарап отырып: «Бұл 
ұшақ. Ұшақ ұшады, ұшақ «У-У-У» деп уілдейді» деу керек. 
Балаға заттың бір емес, бірнеше атауын, сонымен 
қатар, бірге қолданылатын сөз тіркестерін де 
үйреткен пайдалы. Мысалы: «ит – күшік». Бір 
әрекетке атау бергенде, сол әрекетке себеп-
кер затты міндетті түрде көрсеткен жөн (шар 
жарылды - «Бах!», жай ғана «Бах!» емес).
81


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   229




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет