8. «Күлдіргілер» Баламен бірге ойнағанда қызықты өлеңдер, санамақтар,
күлдіргі тақпақтар қолдану баланы қуаныш пен шат-
тыққа бөлейді. Баланың әрбір әрекетін сөздермен
сүйемелдеу оны еріксіз сөздегі дыбыстарға құлақ
салуға, дауыс ырғағын сезуге, жекелеген сөз тіркестерін
есте сақтауға және бірте-бірте олардың мағынасын
түсінуге үйренуге септеседі. Халық ауыз әдебиеті
шығармаларының көпшілігі сөйлеу белсенділігімен
тығыз байланыстағы балақайдың қимыл-қозғалыстық
белсенділігін дамыту мақсатында шығарылған. Ауыз
әдебиеті туындыларының маңызы балалардың ересек-
термен эмоционалдық және жанасу (қол тигізу, сипау)
арқылы қарым-қатынас құру қажеттіліктерін қанағат-
тандыратынымен жоғары бағаланады.
95