10. Балаға сөздер мен сөйлемдерің үлгісін бере отырып,
өтініштер және тапсырмалар орындауын ұсыныңыз.
Мысалы: Жүр әжеге барып, сусын сұрайық: «Әже, бір
шыны шырын берші». Әкеге көлік апарып берейік те,
«Әке, көлікті ұста!» дейік.
11. Таңдау
Балаға тек «иә» немесе «жоқ» деп жауап беретін
сұрақтар қоймаған жөн. Сұрақ балама немесе арнайы
болуы тиіс. Таңдау мүмкіндігіне ие болу баланы өзін
маңызды және бағалы тұлға етіп сезіндіреді. Екі жасқа
толғанда ересектер таңдау жасауға мүмкіндік берсе,
бала өз бетінше таңдау жасай алады: «Шырын ішесің бе,
әлде шай ма?», «Қуыршақпен ұйықтайсың ба, әлде қон-
жықпен бе?». Ересектер баланың мүмкіндігі мен шамасы
жеткенше сөзбен (дыбыстармен) сүйемелдеп сөйлеуін
ынталандырып
отырғаны жөн.
Достарыңызбен бөлісу: