СІЗГЕ ЖӘНЕ БАЛАҚАЙЫҢЫЗҒА ТҮБЕКПЕНПЕН «ҰЛЫ АЙҚАСТАН» АМАН-ЕСЕН ҚҰТЫЛУДЫ ТІЛЕЙМІЗ. АЙҚАС БАСТАЛЫП КЕТСЕ Кейде түбекке үйрету айналасында шамадан тыс байба-
лам туғанда бала дәрет сындыру әлдебір жаман немесе
жиіркенішті іс екен деп санайтын болады. Киіміне неме-
се едеге дәретке отырып, анасын абыржытанын түсін-
бейді, анасына жағу үшін ол тым кеш болып кеткенше
шыдайтын болады. Дәретті ұзақ уақыт бойы бойы бөгеу
көбінесе іш қатуға алып келеді, бала бірнеше тәуліктеп
дәретке отыра алмай қалады.
БАЙСАЛДЫ КЕЙІПТЕН ТАНБАҢЫЗ Ең бастысы байсалдылық таныту, әрі, әлбетте, балаға
кішігірім «апаттарға» жол бергені үшін қол жұмсау
арқылы немесе айғайлап ұрсу арқылы жазаламау. Сізге
лас немесе дымқыл киім ұнайтындай кейіп танытудың
да еш қажеті жоқ, бірақ, балаға оның олқы әрекеттері
жиіркеніш немесе ашу тудыратынын сездірмеген жөн.
Егер шынымен ашуыңыз келсе, оны баладан емес, ығы-
жығы күйге түскен үйден алыңыз.
118