Жақсы ата-ана болуды үйренеміз айдан жасқа дейін қуан, СӘБИ!



Pdf көрінісі
бет145/229
Дата06.02.2022
өлшемі6,55 Mb.
#81640
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   229
Байланысты:
Публикация на каз

ТҮБЕКПЕН ҰЛЫ АЙҚАС
17


МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ
ЖАСТАҒЫ
БАЛАЛАРДЫҢ
ЗИЯНДЫ ӘДЕТТЕРІ 
18
119


З
иянды әдеттер — балаларға тән мінез-құлықтағы 
ауытқушылықтар тобы. Осындай ауытқушылықтар не-
гізінде ерте жастағы балаларға тән ықтиярлы әрекеттерді 
тиянақтау жатыр. 
Ең көп таралған зиянды әдеттердің қатарында сау-
сақ сору, тырнақ кеміру, онанизм кездеседі. Сирегірек 
кездесетіндері арасында ауыртып шаш жұлу, бас пен 
денені ырғақты теңселту бар. Медициналық әдебиетте 
балалардың мінез-құлқындағы осындай ауытқушылықтар 
«патологиялық дағдылы әрекеттер» деп аталады.
Патологиялық дағдылы әрекеттердің пайда болуының 
негізгі себептері келесідей:
генетикалық факторлар (тұқым қуалайтын бейім- 
ділік); 
баланың темпераментінің және мінезінің ерекшелік-
тері;
жүктілік патологиясы, босану кезінде алған жа-
рақат-зақымдар, туылғаннан кейінгі бір жыл ішінде 
орын алған ауыр жұқпалы аурулар (нәтижесінде – 
баланың жүйке жүйесінің әлсіздігі);
баланың бастан кешкен созылмалы психозақым-
даушы күйзелістері;
ата-аналар тарапынан эмоционалдық тұрғыдан 
жақын тартпау (шеттету), тым қатал тәрбиелеу, физи-
калық жазалау шараларын қолдану.
i
Аталған факторлар баланың эмоционалдық күйзеліс, 
ұдайы қанағаттанбаушылық, жақындарына қатысты 
қарама-қайшылық сезімдерін тудырады. Ал патологиялық 
әдеттер жағымсыз эмоционалдық күйзелісті бәсеңдетеді және 
эмоционалдық қиналысты жоюға септігін тигізеді. Патологиялық 
әдеттердің тұрақтануына бала басынан кешіретін ләззат сезімі 
мен баланың осындай әрекеттеріне айналасындағы ересек-
тердің айрықша көңіл бөлуі жағдай жасайды.
120


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   229




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет