Жақсы ата-ана болуды үйренеміз айдан жасқа дейін қуан, СӘБИ!



Pdf көрінісі
бет148/229
Дата06.02.2022
өлшемі6,55 Mb.
#81640
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   229
Байланысты:
Публикация на каз

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ
БАЛАЛАРДЫҢ ЗИЯНДЫ ӘДЕТТЕРІ 
18


Тырнақ кеміру – көбінесе жүйке жүйесіндегі күйзеліс 
нышаны. Әдетте, кез-келген жағдайда (мысалы, теледи-
дардан қорқынышты фильм көргенде) мазасы кететін 
балалар тырнақ кеміреді.
Ескерту жасау және жазалау, әдетте, баланы тек аз 
ғана уақытқа ғана тоқтатады, себебі, ол өзінің тырнақ 
кеміретінін мүлдем байқамайды. Жазалауға келсек, ол 
тек жүйке жүйесінің күйзелісін өршіте түседі. Саусаққа 
ащы заттар жағу сирек көмектеседі.
Бұл мәселенің ең тиімді шешімі – баланың неге маза- 
сызданатынын анықтап көру.
Бәлкім, оған тым көп ескерту жасалатын шығар, үнемі 
тыйым салынатын шығар, ата-анасы оны жаза қол-
данумен қорқытатын шығар немесе жасаған әлдебір 
қылықтары үшін сөгетін шығар.
Бәлкім, ата-ана баласынан тым көп жетістікке жетуін 
күтетін шығар.
Егер кино, радио немесе телебағдарламалар баланы 
шамадан тыс қоздырса, оларды көру уақытын шектеген 
жөн және оның жасындағы балаларға көруге лайықсыз 
бағдарламаларды көруге немесе тыңдауға рұқсат берме-
ген жөн.
Егер бала саусағын тым жиі соратын болса, оның өмірін 
жанына жағымдырақ ете түсіңіз. Баланың бұл әдетіне 
ашуланбаңыз, одан да бұл туралы мүлдем ойлама-
уға тырысыңыз. Есіңізде болсын, саусақ сору әдеті 
уақыт өте келе басылады. Кейде баланың есіне салып 
тұрыңыз: кейін үлкен болып есейгенде саусақ соруын 
қояды. Достық ықылас оны бұл әдетті шамасы келгенде 
өзі қойып кетуін қалауына септеседі.
Ұйықтардың аз алдында ырғақты ойын ойнауға, би 
билеуге, таза ауада серуен жасауға кеңес етіледі. Төбеге 
немесе есік жақтауына әткеншек орнатып, баланы күні-
не 10-15 минуттан тербету пайдалы. Бала ұйықтайын 
деп жатқанда бәсең ырғақты әуен қоюға болады. 
122


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   229




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет