МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Бала еті тірі, қимылы ширақ, белсенді – мұның несі
дұрыс емес? Оған қоса, ол жасына қарамай зерек,
ақылдылығы соншалық, компьютермен жұмыс істеуді
әжесінен де тез және жақсырақ үйреніп алды, қиын
ойынды қалай қосуды біледі. Дәрігерлер бала бойынан
даму бөгелісін тапқан жоқ. Десе де, оның тынымсыз-
дығы, абыл-сабыл жүгірісі, жыбыршуы, шыдамсыздығы,
түсініксіз жауаптары зығырданыңызды қайнатады.
Кез-келген еті тірі баланы гипербелсенді балалар қатарына
қосуға асықпаңыз. Егер балаңыздың күш-қуаты тасып тұрса,
кейде қыңыр, тілазар болып кетсе – ол гипербелсенді деген сөз
емес. Егер сіз құрбыңызбен әңгіменің қызығына кіріп кеткенде
балаңыз ашу шақырса, бір орында байыз тауып тұра алмаса,
үстел басында тыныш отыра алмаса – бұл қалыпты жағдай. Ба-
лаларды ұзақ жол жүру, той-мейрамдар, қонақтар және басқа
да «іс-шаралар» шаршатады.
Әрбір баланың анда-анда бойын ашу-ыза билейді. Ал қаншама
балалар жатарда қағынып кетеді немесе дүкенде әлек салады?
Бала желігіп, тасып тұрған күш-қуатын сыртқа шығарып, бой
бермей кетсе, бұл ешқандай да гипербелсенділік белгісі емес.
Ол уақытша, өтпелі болуы мүмкін; немесе жағдай солай болып
қалған.
Гипербелсенді бала ешбір жағдайға қарамастан, кез-келген
уақытта – үйде, қонақта, дәрігер қабылдауында, көшеде – бір-
дей жүгіріп, дамылсыз қимылдап, ешбір, тіпті ең қызықты деген
заттарға ұзақ бөгелмейтін болады. Оған бітпейтін өтініштер
де, жұбату да, алдаусырату да әсер етпейді. Ол жай ғана тоқтай
алмайды! Жұбату, тыйым салу, ынталандыру және жазалау ша-
ралары әсер ететеін, тіпті ең ерке және еті тірі деген балаларға
қарағанда гипербелсенді баланың өзі-өзі басқару механизмі
жұмыс істемейді.
147
Достарыңызбен бөлісу: |