АТА-АНА ҚАНДАЙ БЕЛГІЛЕРГЕ БАСА
НАЗАР АУДАРУЫ ҚАЖЕТ
Аталмыш синдромның бастапқы белгілерін кейде бала
дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы жылы байқауға бо-
лады. Ондай балалар әртүрлі тітіркендіргіштерге (мыса-
лы, жасанды жарыққа, дыбыстарға, анасының нәрестеге
күтім көрсетуімен байланысты әрекеттеріне және т.с.с.)
шамадан тыс
сезімтал болады; қатты айғайлап
жылауымен, ұйқысының бұзылуымен ерекшеленеді
(әрең
ұйықтайды, аз ұйықтайды, шамадан тыс көп уақыт
бойы ояу болады); қимыл-қозғалыстарының дамуы (ау-
дарылуды, еңбектеуді, жүруді басқа балалардан 1-2 айға
кеш бастайды), сонымен қатар, тілінің шығуы (селқос,
енжар, сезімдерге беріле бермейді) біраз кешеуілдеуі
мүмкін.
Бала өмірінің алғашқы жылы ата-анасын мазалайтын
басты белгі – сәбидің
шамадан тыс көп қимылдауы,
қимыл-қозғалыстарының бейберекетсіздігі (дамыл-
сыз қимыл-әрекеттер). Осындай балаларды бақылау
барысында дәрігерлер олардың тілі біраз кеш шығаты-
нын байқайды (балақайлар өз ойын сөйлемшелермен
жеткізуді кешірек бастайды);
балаларда қимыл-қозға-
лыс ебедейсіздігі (епсіздік), күрделі қимылдарды (секіру
және т.с.с.) кешірек меңгеру байқалады.
Қалыпты даму барысында үш (3) жас кезеңі бала үшін
ерекше болады: бір жағынан бұл кезеңде зейін мен есте
сақтау қабілеті қарқынды дамиды, ал екінші жағынан
алғашқы даму дағдарысы байқалады. Бұл
кезеңдегі
басты қиындықтар: дербестік пен белсенділік артуымен
қоса негативизм (теріске шығарушылық), қыңырлық мен
қырсықтық та арта түседі. Бала өз-өзіне тұлға ретінде
ықпал ету шекарасын белсенді қорғайды, өзіндік «Мен»
атты рөлі бөлініп шығады.
Сондықтан, көбінесе 3-4
жаста ата-ана оның мі-
нез-құлқын қалыпты деп санап, дәрігер көмегіне
жүгінбейді, тек тәрбиешілер баланың тәрбиеге көнбей-
тініне, шамадан тыс қозғалатынына, сабақта
бір орында
отыра алмайтынына және тапсырмаларды орындай
алмайтынына шағымдана бастағанда ата-ана үшін күт-
пеген жайсыз жаңалық болады. Барлық осы «күтпеген»
мінез-құлық қырлары гипербелсенді баланың жүйке
жүйесіне физикалық және психикалық күш түсіп, жаңа
талаптар қойылғанын көтере алмауымен түсінідіріледі.
145
Достарыңызбен бөлісу: