Жақсы ата-ана болуды үйренеміз айдан жасқа дейін қуан, СӘБИ!


БАЛА ТҰЛҒАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ



Pdf көрінісі
бет170/229
Дата06.02.2022
өлшемі6,55 Mb.
#81640
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   229
Байланысты:
Публикация на каз

БАЛА ТҰЛҒАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ 
НАРАЗЫЛЫҚ ӘСЕРІ
21


Кейде наразылық белсенді сипатқа ие. Балалар ашушаң, 
дөрекі болып кетеді, бәрін керісінше жасайды. Егер ата- 
ана басқа балаларын көбірек жақсы көретінін айтса, бала 
інісінің немесе қарындасының заттарын және ойын-
шықтарын сындыруы және бүлдіруі мүмкін. Айта кететін 
жайт, егер бастапқыда баланың аушы тек оны ренжіт-
кен адамға ғана бағытталса, кейін ол басқа адамдарды 
қамтуы да әбден мүмкін.
Белсенділігі төмен наразылық әрекеттері де кездеседі, 
мұндай жағдайларда балалар өз мүдделері үшін бел-
сенді күрестен қашқақтайды. Көбінесе жазалаудан зәбір 
көретін үйден, үнемі ұрыс еститін балабақшадан немесе 
мектептен қашады, ата-ана қолынан тамақ ішуден бас 
тартады, кейде өзін-өзі зақымдауға әрекеттенеді. Кіші 
сыныптарда мұғалімнің дөрекілігіне балалар кейде 
мектепте сөйлеуден қалады, ал далада, үйде жап-жақсы 
сөйлейді. 
Балалар жетімдер үйіне, интернаттарға орналасты-
рылғанда, оқуда сәтсіздікке ұшырағанда немесе денесін-
де кемістігі болса, талап етуден/талап қоюдан біржолата 
бас тартады. Мұндай әрекеттердің аты да өзіне сай: бас 
тарту әрекеті. Балалар селқос, ынжық, жабырқау күйге 
түседі.
Кейде олар өзінің шынайы немесе жалған кемісті-
гінің орнын толтыруға талпынады. Осылайша, ұялшақ, 
жасқаншақ балалар ұяңдығын жасыру үшін қиқарланып, 
дөрекілік көрсетеді. Дене бітімі әлсіз балалар қиялында 
өздерін бір тобырдың басшысы, өжет және мықты етіп 
көреді. Мұндай құбылыстар орын толтыру және асыра 
(гипер) орын толтыру әрекеттері деп аталады. 
Еліктеу әрекеті айналадағыларға еліктеу түрінде орын 
алады. Бала мұраты жағымды кейіпкерге ұқсау болса, 
өте жақсы. Бірақ, кейде еліктеу үшін әлеуметке қарсы 
мінез-құлыққа ие жеткіншек таңдалады – сол кезде бала 
балағат сөз айту, шылым шегу, маскүнемдік, жыныстық 
азғындық, ұрлық сияқты теріс әдеттерге басады.
141


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   229




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет