ЗЕРТТЕУШІЛЕР 3 ЖАС ДАҒДАРЫСЫНЫҢ 7 БЕЛГІСІН КЕЛЕСІДЕЙ СИПАТТАЙДЫ: 1. Негативизм (теріске шығару). Бала ересек адамның талабына немесе
өтінішіне теріс жауап қайтарады. Ол қандай да бір
әрекетті тек белгілі бір ересек адам ұсынғаны үшін ғана
жасамайды. Әрекеттің бас себебі – керісінше жасау.
ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСУГЕ БОЛАДЫ? Баламен «жаңа» қарым-қатынас құрып көріңіз. Оған
біршама дербестік (яғни, әрекеттеріне орынды шек-
терде көбірек ерік беріңіз), барлығына бірдей тыйым
сала бермеңіз. Туыс ересектердің шыдамдылығы мен
табандылығы дағдарысты жеңілдетеді, балаға қиналы-
стан, азапты эмоционалдық кері әрекеттерден құтылуға
көмектеседі. Қыңыр мінез көрсетіп тұрған баланың
көңілін оған қызықты істерге аударыңыз.
137