3 ЖАС ДАҒДАРЫСЫ
Үш жасқа толарда «мен» есімдігі пайда болады. Балада
тек «мен» ғана емес, «мен жақсымын», «мен өте жақсы-
мын», «мен тек қана жақсымын» деген түсінік қалыпта-
сады. «Мен өзім» дей отырып, бала осы дүниеде әрекет
етуге, оны өзгертуге ұмтылады. 3 жас дағдарысы – ерте
және мектепалды балалық шақ арасындағы шекара
– бала өміріндегі ең қиын сәттердің бірі. Бұл баланың
өзінің «мен» деген түсінігін өзге адамдардың әлемінен
бөліп қарау дағдарысы. Бала ересектерден бөліне оты-
рып, олармен жаңа, бұрынғыдан да тереңірек қарым-қа-
тынас орнатуға тырысады.
Баланың дербестігі мен белсенділігі арта түседі, бұл
ата-анадан және туған-туыстардан уақытылы өзгеруді
талап етеді.
Достарыңызбен бөлісу: