ЫНТАЛАНДЫРУЫ ТИІС, БІРАҚ, СОЛАЙ ЕТЕ ОТЫРЫП, БАЛА МҮМКІНДІКТЕРІНІҢ ШЕГІНЕН ШЫҒАТЫН ТАЛАП- ТАР ҚОЮҒА БОЛМАЙДЫ. Осының барлығы ата-ана тарапынан балаға қойылатын
талаптар деңгейімен тығыз байланысты. Егер аталмыш
деңгей бала қабілеттерінен жоғары болса, онда бала
осындай талаптарға сай келмейтінін үнемі байқап
жүреді және өмір бойы әрекет етер кезде сасып қалады,
себебі, сәтсіздікке ұшыраудан қорқады, осылайша,
мұндай адамның мінез-құлқында үрейлі тұлға белгілері
тұрақтана түседі.
Қорқыныш баланың қоршаған ортасына бейімделу
барысында маңызды рөл атқарады. Шамадан тыс
қорғаштау балада өзінің әдеттен тыс кішкентай, әлсіз
жан, ал айналадағы әлем қауіпке толы екені туралы
түсінікті қалыптастырады.
Сондай-ақ, қорқыныш сезімінің
тууына баланың тиісінше
қорғалу сезімінің дамуына
жағдай жасай алмайтын,
тым орнықсыз, сенімсіз, тым
мойынсұнғыш және жігерсіз
ересек орта да түрткі болуы
мүмкін. Қоршаған ортасы оны
қауіптен қорғауын күтетін бала
екіұшты жағдайларға төзе
алмайды, оған қоса, бойын
өзіне қауіп төнгендей сезім
билейді.
134