Мұнда қорқыныш пайда болуының екі механизмі іске қосылады: біріншісі – «мен жалғыз қалдым» – баланың бауыр басып
кеткен анасынан айырып қалу қорқынышы;
ал екіншісі– бейнелі ойлай білетін баланың қиялында
бөлменің қараңғы бұрыштарында сан қилы қорқынышты
ертегі кейіпкерлерінің бейнелері елестейді.
Шамамен 3 жаста бала символикалық (шартты) деп ата-
латын қорқыныштарды сезеді. Көбінесе қараңғылықтан
қорқу жиі кездеседі. Қараңғылық бала үшін жалғыз-
дықпен тең жағдай тудырады, бұл ретте оның қиялына
балаларға тән «Көзге көрінбесе, демек, ол жоқ» деген
қисын із қалдырады.
Ә
рбір дені сау адамға қорқыныш сезімі тән, ал қорқуды
білмейтін адам, шындығында, науқас адам, сәйкесінше,
қорқыныштың мүлде болмауы – психопатология саласы-
на жататын сырқат белгілерінің бірі.
Балалардың қорқуының алғашқы көрінісін біз балаға
бірнеше ай толғанда көреміз. Қорқыныш өзіне беймәлім
құбылыстардан үрейі қашу түрінде орын алады. Бала тіпті
бейтаныс адамды көріп-ақ қорқып кетуі мүмкін.
Кейінірек ата-анасы жоқ болғанда туындайтын «сепа-
рациялық» (айырылу) қорқынышы пайда болады, одан
кейінгі екі жылда балалар бастан кешіретін қорқыныш
түрлері молая береді.
132