Қорқыныш сезімімен символикалық (шартты) қорқы-
нышқа туыстас құбылыс - үрей деп аталатын сезім
байланысты. Шын мәнінде – бұл да қорқыныш сезімі,
бірақ болар уақыты алыс қауіппен байланысты. Мысалы,
тіс дәрігерінің алдында отырып, бойымызды белгілі бір
қорқыныш сезімі билейді, бірақ, егер біз келесі аптада
тіс дәрігеріне баруымыз керек екенін білсек, онда бір
апта бойы үрейленіп жүреміз.
Үрейдің адамның шешім қабылдауға дәрменсіздігіне
тікелей қатысы бар. Бойдағы бар күшті жұмылдыратын
және босаңсытатын үрей түрлері болады. Біріншісі адам
әрекеттеріне қосымша серпін береді, ал екіншісі – оны
жауапты сәттерде күш-жігерінен айырады.
Бұл құбылыстың негізінде психологиялық тәрбиелеу
көріністері жатыр, олардың арасында ата-ана мен бала
арасындағы қарым-қатынас айрықша орынға ие.
i
Егер балалық шағында бала үнемі өз дәрменсіздігіне,
қандай да бір міндетті орындауға қабілетсіздігіне көзі
жетіп отырса, кейін жауапты сәттерде ол әрдайым босаңсытатын
үрейге беріледі – сәйкесінше, әрекет ету қажеттілігі табыс пен
жеңіс сезімімен байланысты адам бұл жағдайды бар ерік-жігерін
жұмылдыратын үрей түрінде бастан кешіреді.
Достарыңызбен бөлісу: