Жақсы ата-ана болуды үйренеміз айдан жасқа дейін қуан, СӘБИ!


БАЛА ТҰЛҒАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ



Pdf көрінісі
бет171/229
Дата06.02.2022
өлшемі6,55 Mb.
#81640
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   229
Байланысты:
Публикация на каз

БАЛА ТҰЛҒАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ 
НАРАЗЫЛЫҚ ӘСЕРІ
21


Ата-ана балалардың жауап ретінде жасайтын әрекеттері 
өздерін азапқа салуы мүмкін екенін алдын-ала болжай 
отырып, бала жанына жара салмай әрекет ету жоспарын 
жасап алғаны жөн. Жағдай ушыққан күнде де, әрекет 
жасамас бұрын, алдымен себебін анықтап көруге тырысу 
керек. Әдетте, тәрбиелік шаралар жеткілікті болады.
ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСУГЕ БОЛАДЫ?
Жауап ретінде жасалатын әрекеттер патологиялық 
(ауытқушылық) сипатқа ұласпауы үшін, оған қоса, «мінез 
сырқатына» айналып кетпеуі үшін, ата-ана олардың бар-
жоғын білуі керек, олардың бала бойында қаншалықты 
орныққанын бақылап, тәрбиелік жұмыста ескеруі тиіс, 
себебі, педагогикалық шаралармен олардың ұнамсыз 
өрбуінің алдын алуға болады:
өсіп-жетілуінің әртүрлі кезеңдерінде баланың 
дербестікке ұмтылысын ескеру керек, оны «ересек» 
мәселелерді шешу рәсіміне қатыстыру керек, онымен 
ақылдасу керек, өзі және өз жақындары, өзі бара-
тын ортадағы ұжымның істері және т.с.с. үшін арта 
беретін жеке жауапкершілікке үйрете беру керек; 
ұл немесе қыз баланың достарын шеттетуге бол-
майды, керісінше, олардың арасындағы қарым-қа-
тынас қандай сипатта екенін білу үшін оларды 
жақын тарту керек, олардың ара-қатынасына 
қажетті бағытта ықпал ету керек: ұнамсыз «идеал-
дарды» бірте-бірте беделінен айырып, орнына өзге 
мінез-құлық «бейнесін» ұсыну керек;
бала, ең алдымен отбасында білім алатынын ескере 
отырып, бәлкім, балаларымызды келешекте қан-
дай етіп көрігіміз келсе, сондай болуға тырысқан 
жөн шығар. Мүмкін бізге кедергі келтіретін немесе 
қажеті жоқ әдеттерден немесе қасиеттерден арылу 
керек шығар. Бірақ осының барлығын білдірмей
тынымсыз еңбектеніп, еппен, сыпайы жасау қажет. 
Ата-ана тарапынан үзілді-кесілді әрекеттер тек 
төтенше жағдайларда ғана орынды. Педагогикалық 
шаралар нәтиже бермесе, балалар психологымен
дәрігер-психотерапевтпен немесе психиатрмен 
кеңескен пайдалы болады.
142


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   229




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет